Математика және физика факультеті

Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасы

Абылкасымова Алма Есимбековна
Абылкасымова Алма Есимбековна

Кафедра меңгерушісі

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Ресей білім академиясының академигі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор

a.abylkassymova@abaiuniversity.edu.kz

«Математиканы оқыту әдістемесі» кафедрасы (бұдан әрі-Кафедра) 1942 жылы ашылды. 

Кафедра қызметінің кезеңдері: 

1965–1972 жж. Элементарлық математика және оқыту әдістемесі кафедрасын ф.-м.ғ.к., доцент Б.С. Жанбырбаев басқарды, ал 1972–1977 жж. Математиканы оқыту әдістемесі кафедрасын т.ғ.к., доцент М.К. Сәтбаев басқарды. 

1977-1981 жж. Математиканы оқыту әдістемесі кафедрасын ф.-м. ғ. к., доцент Б. С. Жаңбырбаев басқарды. 1981-1983 жж. Геометрия және математиканы оқыту әдістемесі кафедрасын п. ғ. к., доцент М. У. Ысқақов басқарды. 

1983–1989 жж. кафедраны п.ғ.к., доцент А.А. Бидосов, ал 1989–1996 жж. Математикалық білім берудің теориясы мен дидактикасы кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к., доцент Н.Н. Забежанская болды. 

1996-1998 жж.  Математикалық білім берудің теориясы мен дидактикасы кафедрасын п. ғ. д., профессор А. Е. Әбілқасымова басқарды; содан кейін 1998–1999 жж. Ақпараттық технологиялар және оқыту әдістемесі кафедрасын ф.-м.ғ.к., доцент М.Ж. Бекпатшаев басқарды.  

1999–2006 жж. Жаңа ақпараттық технологиялар және оқыту әдістемесі кафедрасын ф.-м.ғ.к., профессор Е.Б. Шалбаев басқарды, ал 2006–2010 жж. Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі кафедрасын ф.-м.ғ.д., профессор С. Алдашев басқарды. 

2013 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі» кафедрасын ҚР ҰҒА академигі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Әбілқасымова Алма Есімбекқызы басқарады.

Кафедра көптеген жылдар бойы кәсіби даярлықтың сабақтастығы мен ғылыми негізділігін қамтамасыз ете отырып, бакалавриат, магистратура және докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша педагогикалық кадрларды даярлауды жүзеге асырып келеді. Кафедра өз қызметінде білім беру жүйесінің қажеттіліктері мен халықаралық білім беру кеңістігінің талаптарын басшылыққа алады. 

Кафедра базасында 1996-2010 жылдары Қазақстанда алғаш рет профессор А.Е. Әбілқасымованың төрағалығымен «13.00.02 - Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (математика, физика, химия)» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының докторы (кандидаты) ғылыми дәрежесін алу үшін диссертацияларды қорғау бойынша 14.08.05 Д диссертациялық Кеңес (бұдан әрі - Кеңес) жұмыс істеді. Диссертациялық Кеңестің мүшелері Қазақстан, Ресей және Қырғызстанның көрнекті ғалымдары болды. Кеңес жұмысы барысында 181 диссертация қорғалды, оның ішінде математиканы оқыту әдістемесі бойынша - 87, физиканы оқыту әдістемесі бойынша - 35, химияны оқыту әдістемесі бойынша - 51, сондай - ақ мамандықтар тоғысында бір реттік қорғау (математика және информатика) - 8. 

Кафедра жанынан көптеген жылдар бойы «Жоғары және орта мектептің дидактикасы» республикалық әдіснамалық семинары жұмыс істеді, онда мектеп және жоғары оқу орындарының педагогикалық білім беру жүйесінің мәселелері талқыланды, сондай-ақ диссертациялық жұмыстар алдын-ала талқыланды. 

Кафедрада 2016-2017 жылдары «6D010000 – Білім беру (математика, физика, информатика, химия, биология, география)» бейіні бойынша, ал 2018 жылдан бастап «6D010000 – Білім беру (математика, физика)» бейіні бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін беру жөніндегі Диссертациялық кеңес жұмыс істейді. Кеңес төрағасы – п.ғ.д., профессор А.Е. Әбілқасымова. Бүгінгі күнге дейін Кеңесте докторанттардың философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертациялық жұмыстары табысты қорғалып келеді. 

Кафедраның миссиясы: заманауи білім беру жағдайында математика, физика және информатиканы тиімді оқыта алатын бәсекеге қабілетті педагогикалық кадрларды даярлау, сондай-ақ оқыту әдістемесі мен педагогика саласындағы ғылыми зерттеулерді дамыту. 

Кафедраның стратегиялық мақсаты: даярлаудың барлық деңгейлерінде білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету және заманауи білім беру технологияларын оқу процесіне интеграциялау. 

Кафедра қызметінің негізгі бағыты – математика, физика, математика және физика, математика және информатика, сондай-ақ ағылшын тіліндегі физика мұғалімдерін арнайы пәндік және әдістемелік даярлау. 

Білім беру бағдарламалары: 

6В01501 – Математика мұғалімдерін даярлау (5В010900-Математика); 

6В01502 - Математика және физика мұғалімдерін даярлау (2019 жылдан бастап); 

6В01504 - Физика мұғалімдерін даярлау (5В011000-Физика); 

6В01505 - Физика ағылшын тілінде; 

7М01501 - Математика педагогтерін даярлау (6М010900-Математика); 

7М01504 - Физика педагогтерін даярлау (6М011000-Физика); 

8D01501 - Математика педагогтерін даярлау (6D010900-Математика); 

8D01504 - Физика педагогтерін даярлау (6D011000-Физика). 

Кафедра математика, физика және информатика саласында болашақ мұғалімдер мен зерттеушілерді кешенді даярлауды қамтамасыз ете отырып, ғылыми-педагогикалық кадрларды қалыптастыруда шешуші рөл атқарады. Кафедра бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқытуды жүзеге асырып, іргелі пәндік даярлықты тереңдетілген әдістемелік және зерттеушілік қызметпен ұштастырады. Ғылыми ойлауды дамытуға, педагогикалық жобалау дағдыларын қалыптастыруға және зерттеу нәтижелерін білім беру практикасына енгізуге ерекше көңіл бөлінеді. Кафедра оқытушылары білім алушылардың ғылыми жұмыстарына жетекшілік жасап, олардың ғылыми жобаларға, конференцияларға және жарияланымдық қызметке қатысуына ықпал етеді. Осы арқылы кафедра ғылыми мектептердің сабақтастығын және білім беру жүйесінің кадрлық әлеуетінің тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.