Ғылыми кеңес
Бас ғалым хатшы
PhD, қауымдастырылған профессор (доцент)
zh.bitibayeva@abaiuniversity.edu.kz
Ғылыми кеңестің негізгі мақсаттары:
- Қоғамның одан әрі дамуына жәрдемдесу;
- заманауи талаптарға сай бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау мақсатында Қоғам басшылығының, профессор-оқытушылар құрамының, әкімшілік-басқару персоналының, оқу-көмекші персоналының күш-жігерін біріктіру;
- Қоғамдағы білім алушылар мен профессор-оқытушылар құрамының кәсіптік білім беру бағдарламалары мен даму бағдарламасын табысты іске асыруы үшін қажетті жағдайлар жасау.
Ғылыми кеңестің негізгі функциялары:
- ғылыми, оқу, әдістемелік және әлеуметтік қызметі мәселелерін қарау және олар бойынша шешімдер қабылдау;
- оқу-зертханалық және ғылыми-зертханалық базаны дамытудың перспективалық жоспарын қарау;
- профессор-оқытушылар және ғылыми құрамға атақтар беру мәселелерін қарау;
- Қоғамның ішкі тәртіп ережелерін қарау және бекіту;
- оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың барлық мәселелері бойынша шешімдер қабылдау;
- университеттің даму бағдарламасының жоспарын іске асыруға байланысты мәселелерді қарау;
- университеттің әлеуметтік дамуының негізгі мәселелерін қарау және олар бойынша шешімдер қабылдау;
- өткен оқу жылындағы университет қызметінің қорытындысын шығару;
- университеттің оқу, ғылыми-зерттеу және әлеуметтік жұмысы туралы есептерін мерзімді түрде қарау;
- Қоғам құрамына кіретін өзге де құрылымдық бөлімшелердің қызметі туралы есептерді қарау;
- Қоғамның Басқармасы бекітуі үшін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес қарау;
- оқулықтарды, оқу құралдарын, оқу-әдістемелік әзірлемелер мен монографияларды қарау және басып шығаруға ұсыну;
- қауымдастырылған профессор (доцент) және профессор ғылыми атақтарын беруге ұсыну;
- Қоғам қызметкерлері мен шығармашылық ұжымдарды мемлекеттік, үкіметтік наградалар мен құрметті атақтарға ұсыну мәселелерін қарау;
- Қоғамның қызметіне байланысты және алқалы шешімді талап ететін өзге де мәселелерді қарау.