Инновацияларды дамыту және ғылыми  кадрларды даярлау департаменті

Абай атындағы ҚазҰПУ ғылыми-зерттеу қызметінің бағыттары университеттің миссиясына, Даму бағдарламасына және Abai University даму бағдарламасын іске асыру жоспарына, сондай-ақ ҚР ҒЖБМ әзірлеген Жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына толық сәйкес келеді.

Университет тарихының 97 жылында қалыптасқан педагогика және білім беру саласындағы ғылыми мектептерге сәйкес, сондай-ақ сапа саласындағы бекітілген саясат пен мақсаттар тұрғысынан ұлттық тәрбие және психологиялық-педагогикалық білім беру, білім беруді цифрландыру, инклюзивті білім беру, оқытудың инновациялық әдістемелері, оның ішінде көптілді білім беру, латын графикасын оқыту және педагогика ғылымының басқа да бағыттарында ғылыми зерттеулер басым болып табылады.