Математика және физика факультеті

ФАКУЛЬТЕТТІҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ

Ғылыми-зерттеу жұмысына жалпы сипаттама

Математика және  физика факультетінің ғылыми-зерттеу жұмысы педагогикалық білім беруді дамытуға, математика және физика пәндері бойынша болашақ мұғалімдерді даярлау сапасын арттыруға, сондай-ақ оқу үдерісіне заманауи білім беру және цифрлық технологияларды енгізуге бағытталған. Сонымен қатар факультеттің профессор-оқытушылар құрамы педагогикалық зерттеулермен қатар математика мен физика саласында іргелі ғылыми зерттеулерді белсенді түрде жүзеге асырып, теориялық негіздерді дамытуға және ғылыми білім аясын кеңейтуге үлес қосуда. Факультеттің ғылыми-зерттеу жұмысы профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар мен докторанттардың ғылыми әлеуетін қалыптастыруға бағытталып, педагогикалық және іргелі зерттеулер нәтижелерін университеттің білім беру және әдістемелік қызметіне интеграциялауды қамтамасыз етеді.

Негізгі ғылыми бағыттар

Факультетте келесі басым ғылыми бағыттар жүзеге асырылады:

• математика мен физиканы оқыту әдістемесі;

• жасанды интеллект және оның білім берудегі қолданылуы;

• педагогикалық зерттеулер мен білім беру инновациялары;

• теориялық физика, ядролық астрофизика;

• флюидтер физикасы, көпфазалы орталардың теориялық және техникалық жылуфизикасы;

• конденсацияланған күй физикасы;

• математикалық физиканың тура, кері және дұрыс қойылмаған есептері;

• физикалық және әлеуметтік-экономикалық үдерістерді математикалық және компьютерлік модельдеу.

Ғылыми мектептер мен зерттеу топтары

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың математика және физика факультетінде педагогика ғылымының, іргелі және қолданбалы физиканың, техникалық ғылымдардың және білім берудегі цифрлық технологиялардың басым бағыттарын қамтитын танымал ғылыми мектептер мен зерттеу топтары қалыптасқан және табысты дамып келеді.

Оқыту теориясы мен әдістемесі саласындағы ғылыми мектеп Математика, физик және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасында ҚР ҰҒА академигі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Әбілқасымованың жетекшілігімен математика мен физиканы оқыту теориясы мен әдістемесінің, жоғары және орта мектеп дидактикасының, педагогикалық білім берудің және оқытуды цифрландырудың өзекті мәселелерін зерттеуге бағытталған ғылыми мектеп тұрақты түрде дамуда. Ғылыми мектеп халықаралық білім беру және ғылыми кеңістікке белсенді түрде интеграцияланған: оқытушылар, магистранттар мен PhD докторанттар республикалық және халықаралық конференцияларға, ғылыми форумдарға және академиялық тағылымдамаларға қатысады. Көптеген жылдар бойы мектептің негізгі ғылыми-әдістемелік алаңы «Жоғары және орта мектеп дидактикасы» атты республикалық семинар болды. Қазақстан және Ресей Федерациясы ғалымдарымен бірлескен зерттеулер бұл ғылыми мектептің жоғары ғылыми әлеуеті мен тұрақтылығын дәлелдейді.

Жылу физика және көпкомпонентті тасымал саласындағы ғылыми мектеп Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Владимир Николаевич Косовтың жетекшілігімен газдар мен олардың қоспаларының жылуфизикалық қасиеттерін, көпкомпонентті орталардағы диффузия және конвективтік тұрақсыздық үдерістерін зерттеуге бағытталған ғылыми мектеп қалыптасты. Мектеп аясында ғылым докторлары, PhD докторлар, ғылым кандидаттары мен магистрлер даярланды. Зерттеу нәтижелері экологияға бағдарланған және энергия үнемдейтін технологияларды қоса алғанда, қолданбалы және инновациялық маңызға ие болып, Қазақстан Республикасының ұлттық даму басымдықтарына сәйкес келеді. Зерттеулер ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің жобалары және Еуропалық Одақтың халықаралық бағдарламалары (DAAD, Tempus, Erasmus+) шеңберінде жүзеге асырылады.

Жылу-масса алмасу және керамикалық материалдар саласындағы ғылыми мектеп Техника ғылымдарының докторы, профессор, Ресей жаратылыстану академиясының академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Құлбек Марат Құлбекұлы көпфазалы жүйелердегі күрделі жылу-масса алмасу үдерістерін зерттеуге және көпфункционалды мақсаттағы жаңа ресурс үнемдеуші керамикалық материалдарды әзірлеуге байланысты ғылыми бағыттың негізін қалаушы болып табылады. Ғылыми мектеп жоғары жарияланымдық белсенділігімен, патенттердің болуымен, ұлттық физика және инженерлік технологиялар ғылыми мектебін дамытуға қосқан үлесімен, сондай-ақ ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлаумен ерекшеленеді.

Динамика және вибросейсмиялық қорғаныс саласындағы ғылыми мектеп Техника ғылымдарының докторы, профессор Бисембаев Қуатбайдың жетекшілігімен неголономды жүйелер динамикасы, сызықтық емес тербелістер және сейсмиялық және вибрациялық қорғаныс құрылғыларын әзірлеу саласында ғылыми мектеп қалыптасты. Мектеп зерттеулері өзекті инженерлік мәселелерді шешуге бағытталған және ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің жобалары аясында іске асырылады. Ғылым кандидаттары мен магистрлер даярланып, ғылыми нәтижелердің қолданбалы маңызын дәлелдейтін монографиялар, оқулықтар және патенттер жарияланған.

Теориялық физика және ядролық астрофизика бойынша зерттеу тобы Кафедрада ҚР ҰҒА академигі Н.Ж. Такибаевтың ғылыми мектебі аясында қалыптасқан, PhD Диана Насированың жетекшілігіндегі зерттеу тобы жұмыс істейді. Негізгі зерттеулер ядролық астрофизикаға, аса тығыз дегенерацияланған материя физикасына және ықшам астрофизикалық нысандардағы үдерістерге арналған. Топ жас ғалымдарды, магистранттар мен докторанттарды даярлаумен белсенді айналысып, халықаралық рейтингтік ғылыми басылымдарда жарияланымдар жасап, Қазақстандағы теориялық физиканың дамуына үлес қосуда.

Ғылыми жобалар мен гранттар

Факультеттің профессор-оқытушылар құрамы Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі қаржыландыратын ғылыми-зерттеу жобаларын, сондай-ақ университетішілік, университетаралық және халықаралық гранттық бағдарламаларды орындауға қатысады. Іске асырылатын жобалар іргелі және қолданбалы сипатқа ие болып, заманауи білім беру практикасының мәселелерін шешуге бағытталған.

Жыл

ҚР ҒжЖБМ

ҚазҰПУ

2024

15

2

2025

11

2

2026

12

5

 

Жарияланымдық белсенділік

 Факультеттің профессор-оқытушылар құрамының ғылыми нәтижелері Scopus, Web of Science дерекқорларына және ҚР ҒЖБМ К ҒЖБССҚК тізбесіне енген рецензияланатын ғылыми журналдарда жарияланады. Факультет оқытушылары білім беру үдерісін қамтамасыз етуге және педагогика ғылымын дамытуға бағытталған монографиялар, оқулықтар және оқу-әдістемелік құралдар шығарады.

Жыл

Scopus и Web of Science

ҒЖБССҚК

2024

61

66

2025

68

74

2026

64

67

 

Халықаралық ғылыми ынтымақтастық

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың математика және физика факультеті әлемнің жетекші білім беру және ғылыми мекемелерімен халықаралық ынтымақтастықты белсенді түрде дамытып келеді. Факультет кафедралары келесі ұйымдармен серіктестік байланыстарды қолдайды:

Ресей білім академиясы (Мәскеу қ.), М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, Мәскеу педагогикалық мемлекеттік университеті, К. Разумовский атындағы Мәскеу мемлекеттік технологиялар және басқару университеті, И.А. Бунин атындағы Елец мемлекеттік университеті.

Лейпциг университеті және Магдебург университеті (Германия), Н. Туси атындағы Шамахы астрофизикалық обсерваториясы (Әзербайжан), Янка Купала атындағы Гродно мемлекеттік университеті (Беларусь), Моңғолия ұлттық университеті, Силезия университеті (Чех Республикасы).

С.Л. Соболев атындағы СО РАН Математика институты, И. Джавахишвили атындағы Тбилиси мемлекеттік университеті, Мирзо Ұлықбек атындағы Ұлттық университет, Баку мемлекеттік университеті, Сантьяго-де-Компостела университеті, Новосибирск мемлекеттік университеті, Гент университеті.

Халықаралық қызмет бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуді, оқытушылар мен студенттер алмасуды, докторанттарға ғылыми жетекшілік жасауды, конференциялар мен жазғы мектептер ұйымдастыруды қамтиды. Бұл өз кезегінде халықаралық байланыстарды нығайтуға және білім беру сапасын арттыруға ықпал етеді.

Ғылыми кадрларды даярлау

Факультет магистратура және докторантура (PhD) бағдарламалары бойынша ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауды жүзеге асырады. Профессор-оқытушылар құрамы диссертациялық зерттеулерге ғылыми жетекшілік жасап, білім алушылардың зерттеушілік құзыреттерін қалыптастыруға ықпал етеді. Факультет жанында келесі бағыттар бойынша докторлық диссертацияларды қорғауға арналған 4 диссертациялық кеңес жұмыс істейді:

8D015 – Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдерді даярлау (6D010900 / 8D01501 – Математика, 6D011000 / 8D01504 – Физика);

8D053 – Физикалық және химиялық ғылымдар (6D060400 / 8D05302 – Физика);

8D054 – Математика және статистика (6D060100 / 8D05401 – Математика).