Тарих және құқық факультеті
Гуманитарлық ғылымдар кафедрасы
Халықаралық қызмет
Халықаралық ынтымақтастықтың
негізгі бағыттары
«Гуманитарлық ғылымдар»
кафедрасының халықаралық қызметі білім беру мен ғылыми-зерттеу үдерістерін
интернационалдандыруға, академиялық ұтқырлықты дамытуға және ғылыми әлеуетті
арттыруға бағытталған. Кафедра серіктес шетелдік жоғары оқу орындарымен тұрақты
өзара іс-қимыл орнатып, академиялық және ғылыми ынтымақтастықты жүйелі түрде
жүзеге асырады.
Халықаралық қызметтің негізгі
бағыттары мыналарды қамтиды:
– профессор-оқытушылар құрамының,
магистранттар мен докторанттардың халықаралық академиялық ұтқырлық
бағдарламаларына қатысуы;
– шетелдік жоғары оқу орындарында
ғылыми тағылымдамаларды ұйымдастыру;
– халықаралық ғылыми
конференциялар мен ғылыми-білім беру жобаларына қатысу;
– бірлескен ғылыми жарияланымдар
мен академиялық тәжірибе алмасу.
Аталған бағыттар кафедраның білім
беру бағдарламаларының сапасын арттыруға, ғылыми зерттеулердің халықаралық
деңгейде танылуына және академиялық интеграцияны нығайтуға мүмкіндік береді.
Академиялық
ұтқырлық
Академиялық ұтқырлық
бағдарламасын іске асыру аясында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық
университетінің Тарих және құқық факультетінің «Мәдениеттану» білім беру
бағдарламасының 2-курс студенттері Сатекова Адель мен Мәулен Ақерке 2025 жылғы
2 қазаннан 2026 жылғы 16 ақпанға дейін Польша Республикасының Познань
қаласындағы Адам Мицкевич атындағы университеттің «Мәдениеттану» факультетінде
білім алды.
Оқу үдерісі барысында студенттер
профессор Andrzej Wojciech Nowak жүргізетін «Агнотология» пәні бойынша
дәрістерге қатысып, келесі тақырыптарды меңгерді:
– білімді әдейі бұрмалауға
бағытталған институционалдық әдістер мен стратегияларды талдау;
– агнотология ұғымының қалыптасу
тарихы, теориялық негіздері және қолданылу аясы;
– надандықтың
әлеуметтік-конструктивтік сипатын зерттеу;
– надандықты әдейі қалыптастыруға
қатысты жағдайлық зерттеулер (темекі өнеркәсібі, климаттың өзгеруі және өзге де
әлеуметтік-саяси контекстер).
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы
студенттердің кәсіби құзыреттерін кеңейтуге, сыни ойлау дағдыларын дамытуға
және халықаралық академиялық ортаға бейімделуіне ықпал етуде.
Шетелдік ғылыми тағылымдамалар
Кафедра докторанттары мен
профессор-оқытушылар құрамының ғылыми-зерттеу әлеуетін арттыру мақсатында
шетелдік ғылыми тағылымдамалар жүйелі түрде ұйымдастырылады.
Атап айтқанда, Абай атындағы
Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық факультетінің
8D03102 – Мәдениеттану білім беру бағдарламасының 3-курс докторанты Мошанов
Саят Абылгазинович 2025 жылғы 13 желтоқсаннан 2026 жылғы 13 қаңтарға дейін
Түркия Республикасының Измир қаласындағы Докуз Эйлюл университетінің Тарих
бөлімінде ғылыми тағылымдамадан өтті. Тағылымдама жоспарына сәйкес
ғылыми-зерттеу іс-шаралары толық көлемде жүзеге асырылып, тағылымдаманы сәтті
аяқтағаны туралы халықаралық үлгідегі сертификат табысталды.
Сонымен қатар, 8D03102 –
Мәдениеттану білім беру бағдарламасының докторанттары:
– Манапбаев Нұрболат Бекболатұлы,
– Бурибеков Оңласын Сеитжаппарович,
– Сайнанов Бағдат Ануарбекович 2024 жылғы 10 мамыр – 10
маусым аралығында Түркия Республикасындағы Хажеттепе университетінде шетелдік
ғылыми тағылымдамадан өтіп, тиісті сертификаттарға ие болды.
Профессор-оқытушылар
құрамының халықаралық тәжірибесі
2022 жылғы қаңтар – 2023 жылғы
қаңтар аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің
«Гуманитарлық ғылымдар» кафедрасының аға оқытушысы, PhD Құрманбек Ақайдар
Анарғалиұлы Қазақстан Республикасының «Болашақ» халықаралық бағдарламасының
«500 ғалым» жобасы аясында Түркия Республикасының Анкара қаласындағы Хажеттепе
университетінде ғылыми-білімін жетілдірді.
Тағылымдама барысында Құрманбек А.А. авторлық бірлестікте «Қазақ және оғыз этикасы: фольклорлық метаэтикалық негіздеме» атты ғылыми монографияны жариялады. Аталған еңбек толықтай түрік тіліне аударылып, халықаралық ғылыми қауымдастық назарына ұсынылды. Бұл басылым түркі халықтарының рухани-мәдени мұрасын салыстырмалы-этикалық тұрғыда зерделеуге қосылған маңызды ғылыми үлес болып табылады.