Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультеті

Информатика және білім беруді ақпараттандыру кафедрасы

Сәлғожа Индира Тойшыбекқызы
Сәлғожа Индира Тойшыбекқызы

Кафедра меңгерушісі

PhD, қауымдастырылған профессор (доцент)

Кафедра тарихы:

Информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасы 1984 жылы ашылып, есептеуіш математика және дифференциалдық теңдеулер кафедрасы деп аталған. Оны Абай атындағы ҚазПИ-дің бұрынғы ректоры ҚазССР ҒА корреспондент-мүшесі, профессор К.А.Қасымов басқарған. Оның басшылығымен ғылыми-педагогикалық ұжым құрылды, оның құрамына Ш.Т.Иркеғұлов (1915–1991), Б.С.Жаңбырбаев (1928–2007), М. Ж.Ахметов, Б. К. Нақысбеков, Я. А.Гольцер, Е. У.Медеуов және басқа да көрнекті ғалымдар кірді. 1987 жылы кафедра информатика және есептеу техникасы деген атаумен аталды, ал 1993 жылдан бастап информатика және қолданбалы математика кафедрасы болып өзгертілді. Кафедраның қызметі «Информатика» мамандығы бойынша кадрлар даярлауға бағытталған, онда қолданбалы математика және информатиканы оқыту әдістемесі бойынша зерттеу жұмыстары жүргізіледі.


1985 жылдан 2020 жылға дейін кафедраны информатика және білім беруді ақпараттандыру саласындағы ұлттық ғылыми мектептің негізін қалаушы педагогика ғылымдарының докторы, профессор Е.Ю.Бидайбеков басқарды. Профессор Е.Ю.Бидайбековтың ғылыми мектебінің жұмысы 40 жыл бұрын енгізілген «Информатика және есептеу техникасы негіздері» мектеп информатика курсының дамуына, Қазақстан Республикасында оны оқытудың мазмұны мен әдістерінің қалыптасуына, сонымен қатар информатикадағы қазақ тіліндегі терминологияның енгізілуіне және дамуына баға жетпес үлес қосты.


2020 жылдан 2025 жылға дейін кафедраны педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Н.Т. Ошанова басқарды. 2023 жылы оның басшылығымен «Педагогикалық білім берудің әлеуетін нығайту» жобасы аясында 7M01509-«Цифрлық педагогика» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы әзірленіп, оқу процесіне енгізілді. Заман талабына сәйкес университеттегі барлық мамандықтар үшін «Жасанды интеллект негіздері» курсы енгізілді.


2025 жылдың ақпан айынан бастап кафедра меңгерушісі болып ф.ғ.д., доцент И.Т.Салгожа тағайындалды. Қазіргі уақытта кафедра мектеп және университет информатикасының, ақпараттандырудың және білім беруді цифрландырудың тұжырымдамалық негіздерін зерттеуді жалғастыруда. Жетекші ғалымдардың басшылығымен кафедра инновациялық цифрлық білім беру шешімдерін әзірлеуге және енгізуге, білім беру сапасын жақсартуға және студенттердің цифрлық құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған жасанды интеллект, заттар интернеті (IoT) және білім берудегі иммерсивті технологиялар салаларында зерттеулер жүргізеді.


Бүгінгі таңда кафедра келесі мамандықтар бойынша білім беру және ғылыми информатика саласында үздіксіз мамандар даярлайды:

Бакалавриат: 

6В01507 - Информатика;

6В01508 - Информатика ағылшын тілінде;

6В01509 - Информатика және робототехника;

6В06102 - Ақпараттық жүйелер.


Магистратура: 

7М01507 - Информатика;

7М01508 - Информатика ағылшын тілінде;

7М06102 - Ақпараттық жүйелер;

7М01509 - Цифровая педагогика.


Докторантура:

8D01507 - Информатика;

8D06102 - Ақпараттық жүйелер.


Қазіргі уақытта кафедраның оқытушылар құрамы: 1 - ҚР ҰҒА академигі, 1 - ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, 10 - профессор, 12 - доцент, 5 - педагогика ғылымдарының кандидаттары, аға оқытушылар, 8 - PhD, аға оқытушылар, 9 - магистр, аға оқытушылар, 12 - магистр, оқытушылар. Бүгінгі таңда кафедрада «Үздік университет оқытушысы» мемлекеттік грантын алған келесі ғылым докторлары мен кандидаттары кәсіби қызмет атқарады: Е.Ы. Бидайбеков (2007, 2012), Н.С. Заурбеков (2008), А.Е. Сағымбаева (2010, 2021), Ж.К. Нурбекова (2009, 2015), Г.З.Халикова (2012), Ш.Т. Шекербекова (2013), К.А. Искакова (2013), Г.А. Абдулкаримова (2014), Б.С. Ахметов (2017), Н.Т. Ошанова (2017), Б.Г. Бостанов (2018), С.Н. Конева (2021), «Үздік зерттеуші» сыйлығының иегері Ж.К. Нурбекова (2021). Кафедра ғалымдарының бастамасымен 8D01507 «Информатика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертацияларды қорғау бойынша диссертациялық кеңес құрылды.


Кафедра шетелдік университеттермен халықаралық байланыстарды белсенді түрде дамытуда. Бүгінгі таңда танымал ресейлік ғалымдармен ынтымақтастық жүргізілуде: Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, Мәскеу қалалық педагогикалық университеті, Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университеті, В.П. Астафьев атындағы Красноярск мемлекеттік педагогикалық университеті; Оңтүстік Корея: Кеймюнг университеті; Украина: Ұлттық өмір және қоршаған орта ғылымдары университеті; Түркия: Эрзинджан Бинали Йылдырым университеті; Италия: Тренто университеті және т.б..


Кафедраның миссиясы мен стратегиялық мақсаттары - информатика, цифрлық сауаттылық саласында терең пәндік білімге ие және заманауи цифрлық білім беру ортасын жобалау және енгізу үшін жоғары дамыған құзыреттілікке ие жаңа буын мұғалімдерін даярлау орталығы болу. Кафедра болашақ мұғалімдердің педагогикалық мәселелерді шешу үшін цифрлық технологияларды сыни тұрғыдан бағалау, тиімді қолдану және жасау қабілетін дамытуға ұмтылады, осылайша қоғамның цифрлық трансформациясы жағдайында барлық білім алушылар үшін жоғары сапалы, қолжетімді және жекелендірілген білім беруді қамтамасыз етеді.


Кафедра қызметінің негізгі бағыттары:

- Информатиканы оқытудың теориясы мен әдіснамасы;

- Білім беруді цифрландыру;

- Робототехника және мехатроника;

- Білім берудегі STEM тәсілдері;

- Ақпараттық жүйелер;

- Білім берудегі жоғары технологиялар.


Кафедраның академиялық және оқытушылық құрамды даярлаудағы рөлі:

• Болашақ ғалымдар мен мұғалімдерді оқыту теориялары мен информатиканы оқыту әдістеріне қазіргі заманғы тәсілдер туралы білімді қоса алғанда, заманауи әдіснамалық базамен қамтамасыз ету;

• Барлық деңгейлерде: бакалавриат, магистратура және докторантурада үздіксіз ғылыми-педагогикалық білім беру принципін енгізу;

• Үнемі ғылыми конференциялар, семинарлар және басқа да іс-шаралар өткізу арқылы ғылыми мектепті сақтау және дамыту, сондай-ақ магистранттар мен докторанттарды кафедраның гранттық қаржыландырылатын зерттеулеріне тарту, бұл командалық жұмыс дағдыларын және нақты ғылыми мәселелерді шешу қабілетін дамытады;

• Тәжірибеге бағытталған оқыту: кафедраның докторантура бағдарламасының түлектері тек әлеуетті жоғары оқу орындарының оқытушылары ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның барлық аймақтарының болашақ бас әдіскерлері, оқулықтар мен оқу материалдарының авторлары және ғылыми негізделген тәжірибелерді жаппай білім беру жүйесіне енгізуге қабілетті сарапшылар болып табылады.


Байланыс ақпараты: Алматы қаласы, Төле би көшесі, 86, каб.303.