Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультеті

Сауықтыру-спорт кафедрасы

Кафедра өз бастауын университеттің алғашқы жылдарындағы дене тәрбиесі пәнінен алады.

Алғашында жалпы білім беру пәні ретінде жүргізілген дене шынықтыру сабағы уақыт өте келе дербес кафедра болып қалыптасты.

2009-2010 оқу жылында Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультетінің құрылуы кафедра жұмысының жаңа даму кезеңіне жол ашты.

​Кафедраның қалыптасу кезеңінде теориялық білім беру мен практикалық даярлық бір құрылым аясында жүргізілді. Уақыт өте келе, яғни 2025 жылы 1 қазанда дене мәдениетінің теориясы мен әдістемесі кафедрасынан сауықтыру-спорт кафедрасы дербес құрылым ретінде бөлініп шықты.

Кафедраның басты миссиясы – сұлу, түзу мұсінді, дені сау, басекеге қабілетті, кәсіби құзыретті мамандар даярлау арқылы еліміздің білім беру және спорт саласының дамуына үлес қосу.

Сауықтыру-спорт кафедрасында жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы жұмыс жасайды. Кафедраның профессорлық құрамына ғылым докторы, педагогикалық ғылымдар кандидаты дәрежесіндегі оқытушылар, сондай-ақ тәжірибелі аға оқытушылар мен оқытушылар кіреді.

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы  оқу-әдістемелік, ғылыми зерттеу және спорттық қызметтерді жетілдіру мақсатында үздіксіз кәсіби және ғылыми дамып отырады.

Студенттерге арналған спорттық секциялар жоғары оқу орнының дене тәрбиесі жүйесінің тиімді жүзеге асуын қамтамасыз ететін, тұлғаның физикалық, әлеуметтік және рухани дамуына кешенді әсер ететін ғылыми-педагогикалық құрылым болып табылады.

Сауықтыру-спорт кафедрасында спорттық секциялар келесі бағыттар бойынша ұйымдастырылады.

1. Командалық спорт түрлері:

​Футбол

​Волейбол (қыз, ұл)

​Баскетбол (қыз, ұл)

2. Жеке спорт түрлері:

​Еркін күрес

​Дзюдо

​Үстел теннисі

​Бадминтон

​Шахмат

Бокс

3. Ұлттық спорт түрлері:

​Қазақ күресі

​Тоғызқұмалақ

Жаттығулар аптасына 3 рет ұйымдастырылып, жүктеме көлемі мен қарқындылығы студенттердің жас ерекшелігімен функционалдық мүмкіндіктеріне сәйкес реттеледі. Сонымен қатар, медициналық бақылау, нормативтік тестілеу және жарыстық қызметтер қарастырылады.

​Оқу үдерісін Қазақстан Республикасының 3 еңбек сіңірген жаттықтырушысы, 2 ұлттық санаттағы төреші, 7 спорт шебері, 4 спорт шеберлігіне үміткер жүргізеді. Бұл кафедрадағы спорттық машықтанудың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанының нақты дәлелі.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті студенттердің дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуына мүмкіндік беретін спорттық базалармен жабдықталған.

​Спорттық базаның ең маңызды элементі-тарихи және көпфункциялы спорттық нысан Мұхтар Әуезов атындағы стадион. Сонымен қатар университеттің спорттық инфрақұрылымы екі қосымша жабық спорт залмен толықтырылған.

​Сауықтыру-спорт кафедрасы заманауи инфрақұрылым мен жоғары білікті мамандардың әлеуетіне сүйене отырып, бәсекеге қабілетті, кәсіби құзыретті мамандар даярлауды табысты жүзеге асырып келеді.

​Кафедра қызметі жастардың этикалық, эстетикалық сапасын арттыруға және ел спортының дамуына бағытталған.