Жаратылыстану және география факультеті

«География және экология» кафедрасы

Ұраны: «Ғаламшарды қорғау парыз, өйткені мұндай жоқ басқа!»


1. Жалпы ережелер

1.1 «АЯЛА» студенттік өзін-өзі басқару ұйымының (бұдан әрі-экоклуб) 10.10.2022 жылы ұйымдастырылды.

1.3 Ұйым Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география институтында, география және қоршаған ортаны қорғау кафедрасында жұмыс істейді.Мекенжайы:Алматы қаласы,Қазыбек би 30

1.4 Ұйым қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына және университеттің ішкі ережелері мен нормативтік-әдістемелік құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.


2. Ұйымды ұйымдастыру және дамыту мақсаты

1.2 Ұйым тұрақты даму идеялары мен қағидаттарын насихаттау, экологиялық дүниетанымды  қалыптастыру, жасыл университет контекстінде оқу-зерттеу қызметін жүргізу мақсатында құрылған.


3.   Негізгі міндеттер және оларды іске асыру


3.1. Ұйымның негізгі міндеттері:

- студенттердің азаматтық және қоғамдық белсенділігін дамыту;

- табиғатта өзін-зі ұстау мен сауатты мінез-құлық дағдыларын игеру;

- ұйымның кейінгі мүшелеріне аға мүшелерінің тәжірибесін беру;

- оқушылардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы әлеуметтік белсенділігін волонтерлік және экологиялық іс-шаралар өткізу арқылы арттыру;

- ғылыми конференциялар мен семинарларға қатысу, мектептермен бірлесіп студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;

- дөңгелек үстелдер, пікірталастар, семинарлар, шығармашылық кештер өткізу;

- ұйым қызметін әлеуметтік желілерде, бұқаралық ақпарат құралдарында, ғылыми журналдарда насихаттау;

- табиғатты қорғау және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды өткізу.


3.2. Негізгі міндеттерді іске асыру үшін ұйымның құқықтары:

- іс-шараларды (экологиялық акцияларды)ұйымдастыру және өткізу;

- ақпараттық парақшалар, плакаттар, бюллетеньдер шығару;

- зерттеу жұмыстары мен жобаларын жүргізу;

- университет студенттерін өткізілетін іс-шараларға тарту;

- фильмдерді түсіру, монтаждау және прокатқа шығару;

- бұқаралық ақпарат құралдары үшін материалдар дайындау;

- көрмелер, кездесулер, экскурсиялар, жорықтар өткізу;

- жалпыға бірдей маңызды экологиялық ақпаратты жинау және тарату.


4. Қызметтің негізгі бағыттары:

- табиғат пен қоршаған ортаны сақтау және зерттеу;

- Алматы қаласы, Алматы облысы жастарының экологиялық бастамаларын қолдау.

- экологиялық бағыттағы іс-шараларды ұйымдастыру

- басқа экологиялық ұйымдармен, мемлекеттік мекемелермен (жоғары оқу орындары, мектептер, балабақшалар) өзара әрекеттесу іс-қимыл жасау.