Жаратылыстану және география факультеті
«Биология» кафедрасы
Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы «6В01513 - Биология», «6В01514 - Биология», «6В05101 - Биология», «6В01522 - Биология–География», «7М01513 - Биология», «7М01519 - Биология (1,5 жыл)», «7М05101 - Биология», «7М05109 - Биотехнология», «8D01513 - Биология», «8D05101 - Биология» білім беру бағдарламалары бойынша білім алатын студенттермен, магистранттармен және докторанттармен оқу-тәрбие және қоғамдық жұмыстар жүргізеді.
2025–2026 оқу жылында Жаратылыстану және география факультеті Биология кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы 64 оқытушыны құрайды: ғылым докторы, профессор - 2; ғылым докторы, университет профессоры - 1; ғылым докторы, қауымдастырылған профессор (доцент) - 1; ғылым кандидаты, профессор - 1; ғылым кандидаты, университет профессоры - 4; ғылым кандидаты, доцент - 6; ғылым кандидаты, доцент м.а. - 1; ғылым кандидаты, қауымдастырылған профессор м.а. - 5; ғылым кандидаты, аға оқытушы - 2; PhD, профессор - 1; PhD, қауымдастырылған профессор - 1; PhD, қауымдастырылған профессор м.а. - 1; PhD, аға оқытушы - 13; аға оқытушы, магистр - 10; оқытушы, магистр - 14; аға оқытушы - 1.
Профессор-оқытушылар құрамы арасынан марапатталғандар: «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағымен - Ж.Б. Чилдебаев, А.Д. Майматаева; университеттің «Үздік ұстаз» төсбелгісімен - М.Б. Жақсыбаев, Д.К. Айдарбаева, А.Д. Майматаева, М.Б. Аманбаева, А.М. Қалыбаева, К.Л. Мусаев, Г.А. Абдикаримова, С.М. Джамилова, Н.И. Отарова; «Университеттің үздік қызметкері» төсбелгісімен - К.А. Жумагулова, Р.Ш. Избасарова, Д.К. Айдарбаева, К.И. Батырова, Д.М. Аманбекова, Д.У. Сексенова, Л.Н. Демеуова, Д.К. Кулжанова; ҚР ҒЖБМ «Ғылымға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен - Д.К. Айдарбаева; ҚР ҒЖБМ Алғыс хатымен - М.Б. Жақсыбаев, Р.Ш. Избасарова, К.И. Батырова; ҚР ҒЖБМ Құрмет грамотасымен - А.Д. Майматаева.
Биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Сыман Қ.Ж. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ұйымдастырған конкурстық іріктеуден сәтті өтіп, «500 ғалым» жобасының стипендиаты атанды.
Кафедра профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Жумагулова К.А. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ конкурстық іріктеуінен сәтті өтіп, «500 ғалым» жобасының стипендиаты атанды.
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Чилдебаев Б.Д. 2024 жылғы қараша айынан бастап Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының толық мүшесі (академигі) болып сайланды.
2025 жылғы 11 қарашада Алматы облысы, Космос ауылында жалпы аумағы 40 гектарды құрайтын жаңа Агробиостанция ашылды.
Кафедра меңгерушісі Майматаева А.Д., PhD, аға оқытушы, 2025 жылы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің бұйрығымен «ЖОО-ның үздік оқытушысы - 2025» конкурсының жеңімпазы атанды.