Инновацияларды дамыту және ғылыми кадрларды даярлау департаменті
Ақпарат
«Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» КЕАҚ Қазақстанда алғашқылардың бірі болып 2019 жылы Постдокторантура бағдарламасын енгізді.
Постдокторантура бағдарламасының мақсаты Университеттің ғылыми-педагогикалық қызметінің деңгейін арттыру, Университеттің ғылыми мектептерін құру (үздіксіздігін қамтамасыз ету), перспективалы ғылыми зерттеулер жүргізу, жас зерттеушілердің үлесін арттыруда университетке дарынды жас ғалымдарды тарту және сақтау үшін жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлау болып табылады.
Постдокторантураға ғылыми қызметпен және басым және жаңа ғылыми бағыттарды әзірлеумен белсенді айналысатын, Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын, 40 жасқа дейінгі (қоса алғанда) жас ғалымдар қабылданады.
Іргелі және қолданбалы зерттеулердің басым бағыттары:
- педагогика ғылымдары;
- әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар;
- жаратылыстану ғылымдары.
Постдокторлық бағдарламаның іске асырылу динамикасы:
- 2023 жыл – постдокторлық стипендиялық бағдарлама бойынша 25 постдокторант білім алды, 7 түлек бағдарламаны аяқтады;
- 2024 жыл – постдокторлық стипендиялық бағдарлама бойынша 30 постдокторант білім алды, 5 түлек бағдарламаны аяқтады;
- 2025 жыл – постдокторлық стипендиялық бағдарлама бойынша 21 постдокторант білім алды, 4 түлек бағдарламаны аяқтады;
- 2026 жыл – постдокторлық стипендиялық бағдарлама бойынша 26 постдокторант білім алуда, 1 түлек бағдарламаны аяқтады.