Басқармалар

Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу бөлімі

Куатов Абзал Кайратұлы

Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу бөлімінің бастығы

Достық даңғылы,13 

a.kuatov@abaiuniversity.edu.kz

Негізгі функциялары:

•       университеттің веб-қосымшалары мен мобильді қосымшаларын жобалау және әзірлеу;

•       бағдарламалық шешімдерді тестілеу, жариялау және үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;

•       университет жүйелерін ішкі және сыртқы ақпараттық жүйелермен интеграциялау;

•       қолданыстағы жүйелерді жетілдіру, қателерді түзету және техникалық қолдау көрсету;

•       деректердің сапасы мен қауіпсіздігін, техникалық талаптарға сәйкестікті қамтамасыз ету.


Біз әзірлейтін жүйелер

Бөлім университеттің негізгі цифрлық платформаларын өз күшімен әзірлейді және дамытады:

•       abai.digital — университеттің бірыңғай ақпараттық жүйесі:

–      Академиялық процесс: білім беру бағдарламаларының каталогы, оқу жоспарлары мен модульдер, пәндер каталогы, силлабустар, оқу кестесі, сабаққа қатысу.

–      Студент пен оқытушы: жеке кабинеттер, жеке оқу жоспары (ЖОЖ), бағалау ведомостары, транскрипт, практиканы бақылау.

–      Әкімшілік процестер: контингент және бұйрықтар, жатақханаға өтінім, түлектер архиві, сауалнамалар, хабарламалар.

–      Талдау: силлабустар мен ЖОЖ-дың толтырылуы бойынша аналитика, есептер.

•       Abai мобильді қосымшасы — студенттер мен оқытушыларға арналған кесте, бағалар және хабарламалар.

•       abai.university — университеттің ресми сайтына техникалық қолдау көрсету.

•       Интеграциялар: ЕПВО (білім берудің бірыңғай платформасы), Moodle, Microsoft Entra ID арқылы бірыңғай кіру (SSO) және басқа сыртқы жүйелер.

•       Жасанды интеллект құралдары: платформаға кіріктірілген AI-көмекші.

Бөлім жүйелерді толық циклмен жүргізеді: жобалау, әзірлеу, тестілеу, автоматты жариялау (CI/CD) және қолдау.