Департаменттер
"Шапағат" цифрлық студенттерге қызмет көрсету орталығы
"Шапағат" цифрлық студенттерге қызмет көрсету орталығының директоры
Тарих ғылымдарының кандидаты
2017 жылдың 30 қарашасынан бастап Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінде "Шапағат" цифрлық студенттерге қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді.
"Шапағат" орталығының негізгі міндеті – "бір терезе"қағидаты бойынша білім алушыларға (бакалаврларға, магистрлерге, докторанттарға) оқу-білім беру, әкімшілік, әлеуметтік-тұрмыстық және жастар бағыттарында көрсетілетін қызметтерді көрсету.
"Шапағат" орталығы келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:
– дипломға қосымшалардың телнұсқаларын беру;
– академиялық анықтамалар беру;
– талап ету орны бойынша университетте білім алушыларға анықтама беру;
– транскрипт беру;
– транскрипт беру (ректордың қолымен);
– институттарға студенттік билеттерді беру;
– әскери есепке уақытша тіркеу және есептен шығару;
– "Оңай" бағдарламасы бойынша студенттерді тіркеу және т. б.
Жұмыс уақыты: 9.00-дан 18.00 дейін, 13.00-ден 14.00 дейін
үзіліс.