Ректор аппараты
«Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті»
коммерциялық емес акционерлік қоғамы Кадр
саясаты басқармасының негізгі мақсаттары мен міндеттері:
1. Басқарманың негізгі мақсаты - адам ресурстарын тиімді басқару, қызметкерлердің саны мен сапасының оңтайлы деңгейін ұстап тұру, заманауи технологияларды пайдалану, жұмыс тәжірибесімен алмасу, сондай-ақ оқу және тәрбие процестерін үздіксіз жетілдіру.
2. Басқарма міндеттері:
1) тәжірибелі, жоғары білікті және ортақ стратегиялық
мақсатқа жетуге мүдделі қызметкерлермен қамтамасыз ету;
2) кадрларды іріктеу және орналастыру;
3) кадрлық есепке алуды жүргізу;
4) қызметкерлердің іскерлік қасиеттерін зерделеу және
бағалау, қызметкерлердің атқаратын лауазымдарына сәйкестігін зерделеу;
5) кадрларды оқытуды және олардың біліктілігін арттыруды,
қызметкерлерді аттестациялауды ұйымдастыру және жүргізу;
6) әрбір қызметкердің кәсіби дағдылары мен әлеуетті
мүмкіндіктерін тиімді пайдалану;
7) педагогикалық қызметкерлердің еңбегін арттыру мақсатында
тиімді мотивация жүйесін құру;
8) орындаушылық тәртіпті, қызметкерлердің қызметтік
міндеттерін орындауға жауапкершілігін арттыру, еңбек тәртібін нығайту;
9) қоғамда қызметкерлердің еңбек жағдайларымен барынша толық
қанағаттануы үшін жағдайлар жасау;
10)ұжымда қолайлы микроклиматты құруға және сақтауға ықпал
ететін іскерлік корпоративтік мәдениетті қалыптастыру.