05.03.2026
8 наурыз мерекесімен құттықтады
Сауықтыру-спорт кафедрасы ұжымдағы қыз-келіншектерді 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтады. Арнайы гүл шоқтарын сыйлап, ізгі тілектерін білдірді.
Мерекелік іс-шара нәзік жанды аруларға ерекше көңіл күй сыйлап қана қоймай, ұжымдағы сыйластықты да арттыра түсті.
Барша әйелдер қауымын айрықша, асыға күтетін мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!