18.11.2026
«Қазақстандықтар қайда демалады?» Г.Т. салыстыру мәнді құрылымдар: онымен, салыстырғанда, оған қарағанда, гөрі тақырыбындағы ашық сабақ
2026 жылғы 18-ші қараша күні ф.ғ.к., доцент Е.Молдасанов «Өнер» факультетінің «Хореография», «Бейнелеу өнері», “Графикалық дизайн”, “арх.дизайн” мамандығының 1 курс студенттеріне «Қазақ тілі» пәні бойынша ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында Ерсайын Мышанұлы өзінің шеберлігін жете танытты. Студенттердің айтылым, жазылым дағдысын SWOT талдау арқылы жүргізді. Тілдік деңгейлері әртүрлі студенттерге арналған деңгейлік тапсырмалар арқылы сабақ жинақы әрі сапалы өткізілді. Студенттер еліміздегі туризмнің дамуы туралы өз ойларын ортаға қазақ тілінде жеткізе білді. Электронды тақта арқылы берілген тыңдалым тапсырмасын орындаған студенттер деңгейлеріне сай бағаланды.
Ашық сабаққа «Қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к. Қасен Ерлан Сламбекұлы, п.ғ.к., унив. қауымдастырылған профессоры (доцент) Алибаева Меруерт Сарсебековна қатысып, пікір білдірді.