«Педагогикалық зерттеулер және инновациялар» пәні бойынша «Зерттеу этикасы және академиялық адалдық. Пайдаланылатын әдебиеттерге шолу, талдау және жүйелеу» тақырыбында ашық сабақ

«Педагогикалық зерттеулер және инновациялар» пәні бойынша «Зерттеу этикасы және академиялық адалдық. Пайдаланылатын әдебиеттерге шолу, талдау және жүйелеу» тақырыбында ашық сабақ

2026 жылғы 14 қазанда 8D01201 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының 2-курс докторанты Комекова Сандуғаш Оралхановна «Педагогикалық зерттеулер және инновациялар» пәні бойынша «Зерттеу этикасы және академиялық адалдық. Пайдаланылатын әдебиеттерге шолу, талдау және жүйелеу» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Пән оқытушылары: п.ғ.к., профессор Берикханова Айман Еженхановна PhD., қауымдастырылған профессор Ахметова Айгуль Игеновна

 

Сабақтың мақсаты: Студенттерде зерттеу этикасы мен академиялық адалдық туралы тұтас түсінік қалыптастыру, сондай-ақ өздерінің педагогикалық зерттеулерін дайындау барысында ғылыми әдебиеттерді тиімді іздеу, сыни тұрғыдан шолу, талдау және жүйелеу дағдылары мен зерттеу мәдениетін жетілдіру.

  Сабаққа 6В01201 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері қатысты. Сабақ барысында білім алушылар зерттеу этикасы мен академиялық адалдық қағидаттарын талқылап, ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу, дереккөздерді сыни тұрғыдан бағалау, ғылыми ақпаратты талдау және жүйелеу бойынша тапсырмалар орындады.

Сабақ барысында ғылыми дереккөздерді дұрыс пайдалану, дәйексөз келтіру талаптарын сақтау, плагиаттың алдын алу және ғылыми зерттеулер жүргізудегі жауапкершілік мәселелеріне назар аударылды. Тақырыпты талқылау студенттердің ғылыми ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруге және зерттеу мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті.

Ашық сабаққа пән оқытушылары: педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Берикханова Айман Еженхановна және PhD, қауымдастырылған профессор Ахметова Айгуль Игеновна, докторанттар қатысты. Сабақтың мазмұны ғылыми-зерттеу құзыреттілігін дамытуға, зерттеу этикасы нормаларын саналы түрде ұстануға және академиялық адалдық мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.

Профессорлар сабақтың ұйымдастырылу деңгейін, тақырыптың ғылыми-педагогикалық өзектілігін және мазмұндық құрылымының жүйелілігін жоғары бағалады. Сонымен қатар, білім алушылардың сабақ барысындағы белсенділігі, шығармашылық ізденістері және ғылыми-зерттеу құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған тапсырмаларды орындау деңгейі атап өтілді.

Сабақ қорытындысында профессорлар әдістемелік ұсынымдар беріп, ғылыми-зерттеу үдерісінде академиялық адалдық қағидаттарын сақтау мен зерттеу этикасы нормаларын жүйелі түрде ұстанудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

Артқа қайту