19.11.2026
«Менің өмірім – менің құндылығым» тақырыбында психологиялық тренинг өтті
2026 жылғы 16 және 18 қараша күндері Психологиялық қолдау қызметі «Менің өмірім – менің құндылығым» тақырыбында психологиялық топтық тренингтер ұйымдастырып, өткізді.
Тренингтің негізгі мақсаты – студенттердің психологиялық саулығын нығайту, өмірлік құндылықтар мен жеке тұлғалық маңыздылықты сезінуіне ықпал ету, қиын өмірлік жағдайларды еңсерудің ішкі ресурстарын анықтау, психологиялық дағдарыс пен суицидтік қауіптің алдын алу, сондай-ақ көмекке мұқтаж болған жағдайда дер кезінде мамандарға жүгіну дағдыларын қалыптастыру.
Тренинг барысында студенттер өмірлік құндылықтар, өзін-өзі тану, эмоционалдық саулық және қиындықтарды еңсеру тақырыптары бойынша түрлі психологиялық жаттығулар мен топтық тапсырмаларға қатысты. Сонымен қатар қатысушылар өздерінің ішкі ресурстарын анықтауға, жағымсыз эмоциялар мен күйзеліс жағдайларын басқару жолдарын меңгеруге, қиын сәттерде өзіне қолдау көрсету және айналасындағы адамдардан көмек сұраудың маңыздылығын түсінуге мүмкіндік алды.
Тренинг соңында қатысушылар кері байланыс беріп, өз әсерлерімен бөлісті, сондай-ақ өмірлік құндылықтарды бағалау, эмоционалдық саулықты сақтау және қиын жағдайларда қолдау іздеудің маңыздылығы туралы ойларын ортаға салды.
Тренингке университеттің Математика және физика, Жаратылыстану және география, Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық, Өнер факультеттері мен Сорбонна-Қазақстан институтының 150-ге жуық студенті қатысты.
Аталған іс-шараны Психологиялық қолдау қызметінің психолог-тәлімгерлері ұйымдастырып, өткізді.
Психологиялық қолдау қызметі