17.11.2026
Химия кафедрасында ғылыми-әдістемелік семинар өтті
2026 жылғы 17 қарашада Химия кафедрасында ғылыми-әдістемелік семинар өтті.
Семинар барысында Сулейменова Меруерт Турехановнаның «Алтын иондарына селективті модифицирленген полиэлектролиттер мен интерполимерлі жүйелерді жасау» тақырыбындағы диссертациялық жұмысы тыңдалып, талқыланды.
Сонымен қатар, бітіруші 3-курс докторанттарының ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша есептері тыңдалып, нәтижелері талқыланды.
Семинар қорытындысы бойынша Сулейменова Меруерт Турехановнаның диссертациялық жұмысы алдын ала қорғауға жіберіліп, бітіруші 3-курс докторанттарының ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша есептері қабылданды.