«Ұлт рухы – ұлық мерекелерде» атты ғылыми-танымдық тәрбие сағаты өтті

«Ұлт рухы – ұлық мерекелерде» атты ғылыми-танымдық тәрбие сағаты өтті

Ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру және халқымыздың тарихи-мәдени мұрасын насихаттау мақсатында «Ұлт рухы – ұлық мерекелерде» атты ғылыми-танымдық тәрбие сағаты өткізілді. Аталған шараны PhD, университеттің қауымдастырылған профессоры Беласарова Жайдаркүл Тауирбаевна ұйымдастырды. 

Іс-шара барысында ұлттық мерекелердің мән-маңызы, олардың ел тарихындағы орны мен қоғамдық-рухани маңыздылығы кеңінен талқыланды. Сонымен қатар ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды сақтау, тарихи сананы жаңғырту, ұлттық бірегейлік пен патриоттық тәрбиені нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Тәрбие сағатына Қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты Кенжебаева Г.М. және магистр, аға оқытушы Текесбаева Г.М. қатысып, ұлттық мерекелердің ұлт рухын көтерудегі, жас ұрпақтың дүниетанымын қалыптастырудағы және елдік құндылықтарды дәріптеудегі рөлі туралы ой-пікірлерімен бөлісті. Тағылымы мол ғылыми-танымдық іс-шара ұлттық рухты ұлықтауға, елдік сананы қалыптастыруға және жас ұрпақты ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеуге бағытталған маңызды танымдық алаң болды.

Артқа қайту