12.11.2026
«Әділет элитасы» командасы аймақтық пәндік олимпиадада І орын иеленді
2026 жылғы 11 қарашада академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінде «De basics legis civilis – Азаматтық құқық негіздері» тақырыбында аймақтық пәндік олимпиада өтті. Іс-шараны университеттің Заң факультетінің Азаматтық және еңбек құқығы кафедрасы ұйымдастырды.
Олимпиадаға қатысқан Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық факультетінің «Әділет элитасы» командасы азаматтық құқық саласындағы терең білімі мен жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, жүлделі І орынды иеленді.
Команда құрамында Кемелбек Даниал, Тілеужан Рамазан, Мыңбай Ерасыл, Юпитерова Индира және Шапавалова Карина бақ сынады. Студенттерді сайысқа доцент Г.Б. Мейірбекова мен университет профессоры Н.Б. Қалқаева дайындады.
Бұл жетістік студенттердің кәсіби білімін тәжірибеде қолдана білуінің және жетекшілерінің жүйелі жұмысының нәтижесін көрсетеді. Пәндік олимпиадалар болашақ заңгерлердің құқықтық ойлауын дамытуға, кәсіби құзыреттерін жетілдіруге және жоғары оқу орындары арасындағы академиялық байланысты нығайтуға ықпал етеді.
Тарих және құқық факультетінің ұжымы «Әділет элитасы» командасы мен жетекшілерін жеңістерімен құттықтап, алдағы білім және ғылым жолындағы ізденістеріне табыс тілейді.