14.11.2026
ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ!
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Тарих және құқық факультетінің Гуманитарлық ғылымдар кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының докторы Кабаева Жулдыз Абдыкаримовна Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының төрағасы Айгүл Мұқашеваның Құрмет грамотасымен марапатталды.
Бұл марапат – Жулдыз Абдыкаримовнаның жоғары білім беру саласындағы ұзақ жылғы қажырлы еңбегінің, кәсіби біліктілігінің және кәсіподақ қозғалысының дамуына қосқан елеулі үлесінің лайықты бағасы.
Университет ұжымы әріптесімізді жоғары марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасына амандық, кәсіби қызметіне толағай табыс және жаңа жетістіктер тілейді!
Еңбегіңіз еленіп, абыройыңыз арта берсін!
