Университет пен мектеп ынтымақтастығы: Яссауи мұрасы – ұлттық рухани тәрбиенің негізі

Университет пен мектеп ынтымақтастығы: Яссауи мұрасы – ұлттық рухани тәрбиенің негізі

Алматы қаласы Білім басқармасы КММ-ның жоспары негізінде 02.11.26 күні ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2026 жылғы 21 наурызда Түркістан облысының жұртшылығымен кездесуінде көтерілген, еліміздің әрбір облысында Қожа Ахмет Ясауидің бірегей зияткерлік мұрасына арналған оқуларды ұйымдастыру мәселелерін іске асыру аясында, Алматы қаласындағы Қ.А.Яссауи атындағы №123 мектеп - гимназияда республикалық ғылыми-танымдық дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны мектеп директоры Б.М. Ашимбаева мен осы мектептің ғылыми кеңесшісі «Академик Т.С. Садықов атындағы жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихы» кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к., Г.У. Рашева ұйымдастырды. «Яссауи мұрасы – ұлттық рухани тәрбиенің негізі» тақырыбында Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің профессорлары яссауитанушылар Д.Кенжетай, Сайфунов Б.Н., Абай атындағы ҚазҰПУ- нің аға оқытушысы Мейрманов А.Д., баяндамалар жасады. Пікірталас алаңына Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің доценті Қ.Қ.Құнапинаның және мектеп мұғалімдері мен іс-тәжірибеден өтіп жүрген студенттер қатысты.

Дөңгелек үстел барысында Қожа Ахмет Яссауи мұрасының тарихи-мәдени құндылық қана емес, сонымен қатар бүгінгі ұрпақ тәрбиесінің маңызды рухани негізі екендігі атап өтілді. Ғұламаның адамгершілік, әділеттілік, ізгілік пен парасаттылық туралы ойлары қазіргі білім беру жүйесіндегі тәрбие үдерісімен сабақтастырыла қарастырылды. ҚатысушыларЯссауи мұрасын зерделеу мен насихаттау – ұлттық руханиятты жаңғыртудың, тарихи сананы қалыптастырудың және жас ұрпақты ізгілік пен адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды бағыты деп есептейді.

Артқа қайту