06.11.2026
Зорлық-зомбылықсыз қоғам – қауіпсіз болашақ кепілі
2026 жылғы 6 қарашада Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика және психология факультеті Бастауыш білім беру кафедрасының 1-курс студенттерімен тәлімгер С.Б. Жораеваның жетекшілігімен «Зорлық-зомбылықсыз қоғам – қауіпсіз болашақ кепілі» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты студенттер арасында зорлық-зомбылықтың, буллинг пен кемсітушіліктің алдын алу, өзара сыйластық пен құрмет мәдениетін қалыптастыру және құқықтық сауаттылықты арттыру болды.
Іс-шара барысында зорлық-зомбылықтың түрлері мен оның тұлғаға кері әсері туралы ақпарат берілді. Студенттер буллингке қатысты өмірлік жағдаяттар мен кейс тапсырмаларын талқылап, қиын жағдайларда шешім қабылдау, өзара қолдау көрсету және өзгелердің мәселесіне бейжай қарамау жөнінде пікір алмасты.
Тәрбиелік іс-шара студенттердің қауіпсіз орта қалыптастырудағы ортақ жауапкершілігін ұғынуына, әр адамның қадір-қасиетін құрметтеу және зорлық-зомбылыққа жол бермеу ұстанымдарын нығайтуға бағытталды.