06.11.2026
Екі асхана мен кофехана үшін үй-жайларды жалға беру тендерін өткізу туралы хабарландыру
Тендерді ұйымдастырушы және өткізілетін тендер туралы мәліметтер:
| 1 | Тендердің атауы: | Екі асхана мен бір кофехана ұйымдастыруға арналған тұрғын емес үй-жайларды мүліктік жалдауға беру, жалға алушыларға үй-жайларда ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу және оларды қажетті жиһазбен, жабдықтармен, асүй мүкәммалымен және басқа да керек-жарақтармен ішінара жабдықтау міндеттемелерін жүктей отырып, мүліктік жалдау мерзімі үш жылға дейінгі тендер |
| 2 | Тендерді ұйымдастырушы: | «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы |
| 3 | Байланыс деректері, электронды пошта мекенжайы: | Тендерлік комиссияның хатшысы – Сыздикова Меруерт. Тел.: +7 747 170 5857. Электрондық пошта: m.syzdikova@abaiuniversity.edu.kz |
| 4 | Тендер құжаттамасын орналастыру мекенжайы: | https://abaiuniversity.edu.kz/ |
| 5 | Тендерге қатысуға өтінімдер мен құжаттарды қабылдауға арналған электрондық пошта мекенжайы: | m.syzdikova@abaiuniversity.edu.kz |
| 6 | Тендерге қатысу үшін өтініштерді қабылдаудың соңғы күні мен уақыты: | 2026 жылғы 15 қараша, сағат 18:00 |
| 7 | Тендерді өткізу орны (тендер өтініш конверттерін ашу орны): | Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13, № 323 кабинет |
| 8 | Тендер өткізу күні мен уақыты (тендер өтініш конверттерін ашу күні): | 2026 жылғы 18 қараша, сағат 11:00 |
Объектілердің сипаттамасы:
| Нысан № | Мүліктік жалға беру объектісінің орналасқан орны, мекенжайы | Бүкіл нысан немесе оның бір бөлігі | Жалға берілетін аумақ, ш. м | Объектіні пайдалану мақсаты (қызмет түрі) | Жалдау ақысының негізгі мөлшерлемесі, айына, теңгемен (ҚҚС-сыз) | Кепілдік төлем сомасы | Мүліктік жалдау мерзімі, айлар | Тендер объектісімен (лотымен) танысу шарттары |
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| 1 | Алматы қаласы, Медеу ауданы, Жамбыл көшесі, 25 | Объектінің бір бөлігі | 180,0 | Асхана ұйымдастыру | 838 153 | 1 айлық жалдау ақысы | 36 | 2026 жылғы 9 және 10 қараша, сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін |
| 2 | Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 86 | Объектінің бір бөлігі | 120,0 | Асхана ұйымдастыру | 558 768 | 1 айлық жалдау ақысы | 36 | 2026 жылғы 9 және 10 қараша, сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін |
| 3 | Алматы қаласы, Медеу ауданы, Достық даңғылы, 13 | Объектінің бір бөлігі | 51,0 | Кофехана ұйымдастыру | 237 477 | 1 айлық жалдау ақысы | 36 | 2026 жылғы 9 және 10 қараша, сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін |
3. Тендерге қатысуға өтінім (Тендерлік құжаттамаға № 2 қосымша), сондай-ақ Тендерлік құжаттамада көзделген барлық қажетті құжаттар электрондық түрде осы хабарландырудың 1-бөлімінің 5-тармағында көрсетілген электрондық пошта мекенжайына жіберіледі: m.syzdikova@abaiuniversity.edu.kz.
4. Тендер тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу және қатысушылардың Тендерлік құжаттама талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында біліктілік іріктеу жүргізу арқылы өткізіледі.
5. Тендерді өткізудің шарттары мен тәртібі қоса берілген Тендерлік құжаттамамен реттеледі. Тендерге қатысуға өтінімнің нысаны Тендерлік құжаттамаға № 2 қосымшада көрсетілген.
6. Тендерлік рәсімдерді өткізу және тиісті құжаттарды ресімдеу қатысушының таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілінде жүзеге асырылады.
Қосымша: Тендер құжаттамалары