Студенттер «Жас атлет – 2026» жарысына қатысты

Студенттер «Жас атлет – 2026» жарысына қатысты
     17 қазанда Республика күніне орай Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультетінде «Жас атлет – 2026» жеңіл атлетика жарысы өтті. 12 команда қатысқан сайыста студенттер жүгіру, спорттық жүріс, ұзындыққа секіру және эстафета бойынша бақ сынап, ептілік пен командалық бірлік танытты.
     Іс-шараны PhD, аға оқытушы Кокебаева Рысгуль Саябековна және магистр, оқытушы Кәден Назерке Әбдіғаниқызы ұйымдастырды.
   Жарыс қорытындысы бойынша үздік командалар мен жеңімпаздар кубоктармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Спорттық іс-шара студенттердің шеберлігін шыңдап, салауатты өмір салтына қызығушылығын арттыруға ықпал етті.

Артқа қайту