29.10.2026
МЕКТЕП ПЕН УНИВЕРСИТЕТ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ – САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ НЕГІЗІ
2026 жылғы 29 қазанда Тұздыбастау ауылындағы №48 мектепте «Заманауи білім беру кеңістігі: тәжірибе, инновация және болашақ» тақырыбында білім беру саласындағы өзекті мәселелерге арналған іс-шара өтті.Аталған іс-шара мектеп пен жоғары оқу орындары арасындағы кәсіби байланысты нығайтуға, педагогикалық тәжірибе алмасуға, білім беру үдерісіне инновациялық әдістерді енгізуге және білім беру жүйесінің болашақ даму бағыттарын талқылауға бағытталды.Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық факультеті үшін мектептермен тығыз ынтымақтастық орнату – білім мен ғылымды тәжірибемен ұштастырудың маңызды бағыттарының бірі.Мектеп пен университет арасындағы сабақтастық болашақ педагогтерді даярлау сапасын арттыруға, ғылыми-әдістемелік тәжірибені білім беру тәжірибесіне енгізуге және педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға мүмкіндік береді.Осындай кездесулер білім беру ұйымдары арасындағы өзара серіктестікті кеңейтіп, ортақ жобаларды жүзеге асыруға, инновациялық бастамаларды қолдауға және заманауи білім беру кеңістігін қалыптастыруға негіз қалайды.Мектеп пен университеттің өзара ықпалдастығы – білім беру сапасын арттырудың, педагогикалық тәжірибені жетілдірудің және болашақ білікті мамандарды даярлаудың маңызды кепілі.