Халықаралық академиялық мүмкіндіктер: «Болашақ» бағдарламасына қадам

Халықаралық академиялық мүмкіндіктер: «Болашақ» бағдарламасына қадам

2026 жылғы 28 қазанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Филология факультетінде магистранттар мен докторанттарға арналған ««Болашаққа» қадам: өтінім беруден халықаралық тағылымдамаға дейін» тақырыбында ғылыми семинар өтті. Семинарды факультеттің аға оқытушысы, PhD Жаңагүл Шыңғысханқызы Саметова жүргізді.

Кездесу барысында халықаралық тағылымдамадан өту мүмкіндіктері, өтінім беру мен қажетті құжаттарды рәсімдеу тәртібі, шетелдік университет пен білім беру бағдарламасын таңдау, іріктеу кезеңдеріне дайындалу мәселелері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар халықаралық тағылымдама аясында ұсынылатын академиялық мүмкіндіктер, ықтимал тәуекелдер, шетелдік ғылыми-білім беру ортасында тәжірибе жинақтау және кәсіби құзыреттілікті дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Іс-шараға Филология факультетінің деканы Б.Т. Тлеубекова мен факультеттің аға оқытушысы, PhD Әлібек Байбол қатысып, «Болашақ» бағдарламасының мүмкіндіктері мен оның білім алушылардың академиялық және ғылыми-зерттеу әлеуетін арттырудағы маңызын атап өтті.

Семинар магистранттар мен докторанттардың халықаралық академиялық мүмкіндіктер туралы танымын кеңейтіп, олардың кәсіби және ғылыми дамуына бағыт-бағдар берді.

Артқа қайту