30.10.2026
Әдебиетті оқытудың жаңа әдістері: ғылыми ізденіс пен озық тәжірибе
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен мектеп мұғалімдерінің кәсіби өсуіне, дарынды балаларды қолдау бағытында 2026 жылдың 28-29 қазан күндері «Қазақ тілі мен әдебиетінен олимпиадаға дайындаудың тиімді әдістері: тәжірибе, талдау және заманауи технологиялар» атты республикалық оқу-әдістемелік семинар өткізілді.
Осы шараға акад. С.Қирабаев атындағы Қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі кафедрасының аға оытушысы, PhD доктор Тоқшылықова Гүлназ Базарбайқызы спикер ретінде арнайы шақырылып, құнды білім, озық тәжірибесімен бөлісіп қайтты. Г.Тоқшылықова мектеп мұғалімдеріне «Әдебиеттегі көркемдегіш тәсілдерді оқытудың» тиімді әдіс-тәсілдерін ұсынып, жеңіл жолдарын үйретіп, мазмұнды білім беруге өзіндік үлесін қосты. Кафедраның мектеппен байланысты нығайту бағытындағы жұмыстарды жоғары деңгейде атқару үшін «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығымен бірге алдағы уақытта жасалатын шаралар әлі де жалғасатын болады.