«ENACTUS Abai» Астанадағы республикалық форумда

«ENACTUS Abai» Астанадағы республикалық форумда
   2026 жылғы 23 қазанда Астана қаласында «ENACTUS Kazakhstan Business Collaboration Forum 2026» республикалық форумы өтті.
    Іс-шараға Астана, Алматы, Семей, Қостанай, Шымкент, Өскемен, Тараз, Талдықорған, Павлодар, Жезқазған, Қарағанды, Көкшетау және Петропавл қалаларынан 44 команда қатысты. Олардың қатарында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Назарбаев Университеті, Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті және Нархоз университетінің командалары болды.
       Абай университетінің атынан Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық, Жаратылыстану және география факультеттерінің студенттерінен құралған «ENACTUS Abai» командасы қатысты. Команда форумға «Хемофобия» химиялық танымдық ойынын, «Tazar» бір реттік жапырақшалы сабынын және «Экошам» экологиялық шам жобасын таныстыруға дайындады. Бұл бастамалар ғылыми сауаттылықты арттыруға, жеке гигиена мен жауапты тұтыну мәдениетін дамытуға бағытталған.
   Форум студенттерге тәжірибе алмасуға, кәсіпкерлік бастамаларын дамытуға және жаңа серіктестік байланыстар орнатуға мүмкіндік берді. Команда жетекшілері Баймаханов Ақылбек Бақытбекұлы, Нүсіпақынова Маржан Бақтиярқызы.

Артқа қайту