«Аяла» экоклубының мүшелері PLASTEX QAZAQSTAN 2026 халықаралық көрмесінде

«Аяла» экоклубының мүшелері PLASTEX QAZAQSTAN 2026 халықаралық көрмесінде

«Аяла» экоклубының қатысушылары «Атакент» ҚІЫО аумағында өтіп жатқан пластмасса және химия өнеркәсібіне арналған PLASTEX QAZAQSTAN 2026 халықаралық көрмесіне барды.

Көрмеге Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және Қытай елдерінен 15 қатысушы өз өнімдері мен технологияларын ұсынды. Олардың қатарында:

  • Полимерлік шикізат, мастербатчтар, суперконцентраттар және қоспалар;
  • Тұрақтандырғыштар, антиоксиданттар және модификаторлар;
  • Майлау материалдарын өндіруге арналған шикізат және басқа да өнімдер;
  • ПВХ құбырлары мен фитингтерін өндіруге арналған материалдар;
  • Пластмассаны өңдеу технологиялары мен пресс-қалыптар;
  • Антистатикалық жабдықтар;
  • Пластикалық бұйымдар ұсынылды.

Көрме аясында біз білім беру саласындағы серіктесіміз Recycle Бірге ұйымдастырған пластикті таңбалау және оны қайта өңдеу технологияларына арналған ашық шеберлік сабақтарына қатыстық. «Zeta» өндірісінің өкілдері қайта өңделген шикізаттан жасалған өнімдерін таныстырды.

Кездесу барысында полимерлік қалдықтарды дұрыс сұрыптау, қоршаған ортаға түсетін антропогендік жүктемені азайту және айналымды экономика қағидаттарын дамыту мәселелері талқыланды.

Көрме біз үшін Қазақстандағы пластмассаны қайта өңдеу мен тұрақты өндірістің заманауи технологияларымен танысуға, экологиялық білімімізді кеңейтуге және пластикті қайта өңдеу мен тұрақты өндіріс саласында жаңа тәжірибе жинақтауға тамаша мүмкіндік болды.

Артқа қайту