22.10.2026
«Кітап адамның өміріндегі тигізетін әсері мен орны»

Қазан айының 22күні Абай атындағы ҚазҰПУның Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультетінің оқытушысы Жандос Мұқанұлының ұйымдастыруымен танымдық кездесу өткізілді. Іс-шараға 3 курс студенттер мен Қазақстан Республикасының жазушылар одағының мүшесі “ Дарабоз” сыйлығының лауреаты , жазушы Баян Болатханова шақырылды. Кеш қонағымыз студенттерге «кітап адамның өміріндегі тигізетін әсері мен орны» тақырыбында әсерлі әрі мағыналы әңгімелерімен ой бөлісті. Тақырыпқа орай қазіргі қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі кітап оқу, достық қарым-қатынастар мен ортақ оқу орындары адамдардың мейірімі , адамгершілік қасиеттері -деген маңызды сауалдар төңірегінде ойын айтып өтті.
Сонымен қатар адамдар ортасын саналы түрде таңдауы - деген мазмұнда әңгіме өрбітті. Кездесу барысында қатысушылар қонаққа сұрақтарын да қойып, пікірлерін білдірді. Кездесу пікір алмасу сияқты еркін форматта өтті.Студенттер кездесуден үлкен әсер алып, көптеген маңызды сұрақтарына жауап алды.Іс-шара қатысушылардың көңілінен шығып, ерекше ықыласпен қабылданды.

Артқа қайту