Ілеспе аударманың өзекті мәселелері бойынша дөңгелек үстел

Ілеспе аударманың өзекті мәселелері бойынша дөңгелек үстел

2026 жылдың 19 қазанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің әлем тілдері факультетінде «Қазақстандағы ілеспе аударманың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оны «Интегративті аударматану» ғылыми зертханасы ұйымдастырды.

Дөңгелек үстелді Әлем тілдері факультетінің деканы Е. Оспанов пен Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі К.Х. Абдрахманова ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Негізгі баяндамашылар ретінде республикаға танымал ілеспе аудармашылар: Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының докторы Камал Әбілқасымқызы Әлпейісова және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Мемлекеттік тіл және аударманы дамыту бөлімінің меңгерушісі Саида Жұмекенқызы Нәжімеденова сөз сөйледі.

Пікірталасқа Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының оқытушылары, және аударма бөлімінің магистранттар мен студенттері қатысты. Дөңгелек үстел талқылауы қызу және тартымды өтті.

Дөңгелек үстелді филология ғылымдарының докторы, профессор, «Интегративті аударматану» ғылыми зертханасының директоры Айгүл Қазкенқызы Жұмабекова жүргізді.

Артқа қайту