16.10.2026
«8D01601» - ТАРИХ МАМАНДЫҒЫНЫҢ 2-КУРС ДОКТОРАНТТАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ
2026 жылы 16 қазанда Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетіндеөткен «XVIII-XX ғасырдың басындағы Қазақстанның саяси кеңістігінің трансформациясы: зерттеудің жаңа дереккөздері және заманауи тәсілдері» халықаралық ғылыми конференция өткізілді. Конференцияға 2 курс докторанттары Абдильдинова Лашын Батырхановна, Мәуліт Гаухар Мәулітқызы баяндама оқыды. Абдильдинова Л.Б. Баяндама тақырыбы: «ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның білім жүйесін оқытудың дидактикалық тәсілдері: Академиялық Орталық пен мектеп тәжірибесі». Жетекшісі: т.ғ.к., доцент Ермуканов Е.Н. Конференцияның секциялық отырысында баяндамалар оқылып, талқыланды. Басты мақсаты ХХ ғасырдың 20-жылдарындағы Қазақстанның білім беру жүйесін қалыптастырудағы Академиялық орталықтың тарихи-педагогикалық рөлі мен осы мұраны заманауи мектеп практикасына интеграциялаудың дидактикалық жолдарын қарастыру. Мәуліт Г.М. Баяндама тақырыбы: «ХХ ғасыр басындағы ұлттық білім парадигмасы: Қошке Кемеңгерұлы мұрасын тарихи-педагогикалық зерделеу». Жетекшісі: т.ғ.к., профессор Нұрман Ш.Т. Баяндамада Қошке Кемеңгерұлының ағартушылық мұрасын тарихи-педагогикалық тұрғыдан қайта жаңғырту, яғни Қ.Кемеңгерұлының білім беру идеяларын заманауи педагогикалық парадигмамен ұштастыру арқылы болашақ педагогтың кәсіби тұлғасын қалыптастыру тетіктері ұсынылды.