16.10.2026
Араб тіліне қызығушылықты арттырған ашық сабақ
2026 жылғы 16 қазанда Әлем тілдері апталығы аясында «Айсаф» қыздар мектебінде араб тілі пәнінен ашық сабақ өтті. Іс-шараны араб тілі пәнінің мұғалімі Айгүл Мұқанова мен Абай университетінің студенттері ұйымдастырды.
Ашық сабақтың мақсаты – оқушылардың араб тіліне қызығушылығын арттыру, шет тілдерін меңгерудің маңыздылығын насихаттау және мектеп пен университет арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Сабақ барысында университет студенттері оқушыларға араб әліпбиі, қарапайым сөздер мен сөйлемдерді меңгеруге арналған қызықты тапсырмалар ұсынды. Түрлі тілдік ойындар мен сұрақ-жауап жұмыстары ұйымдастырылып, оқушылар өз білімдері мен белсенділіктерін көрсетті.
Іс-шараға Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі К.Х. Абдрахманова және араб тілі пәнінің оқытушысы Э.Ж. Қансейітова қатысты. Сабақ соңында олар араб тілін белсенді меңгеріп жүрген оқушыларға сыйлықтар табыстап, білім алуға деген ынтасы мен белсенділігін атап өтті.
Мазмұнды өткен ашық сабақ оқушылардың ерекше қызығушылығын тудырып, араб тілі бойынша білімдерін тәжірибеде қолдануына мүмкіндік берді. Іс-шара мектеп пен университет арасындағы байланысты одан әрі нығайтуға ықпал етті.