Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультетінің 1-курс студенттерін Академиялық адалдық кодексімен таныстыру

Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультетінің 1-курс студенттерін Академиялық адалдық кодексімен таныстыру

2026 жылғы 24 қыркүйекте Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультетінің 1-курс студенттеріне Академиялық адалдық кодексінің негізгі талаптары түсіндіріліп, таныстырылды.

Кездесу барысында студенттерге төмендегі мәселелер бойынша ақпарат берілді:

1. Тәртіп және құқық бұзушылық – оқу орнындағы тәртіп ережелері мен заң бұзушылықтың алдын алу шаралары түсіндірілді.

2. Оқу процесі – студенттердің оқу процесіндегі міндеттері, сабаққа қатысуы және оқу тәртібі туралы айтылды.

3. Сабаққа қатысу – сабақтарды себепсіз 40 сағат және одан да көп жіберген жағдайда студентті оқудан шығару мәселесі түсіндірілді.

4. Оқу ақысы – оқу ақысын төлеу тәртібі мен оған қатысты талаптар туралы ақпарат берілді.

5. Емтихан және сессия – емтихан тапсыру тәртібі, сессия кезеңіндегі талаптар және академиялық адалдық қағидалары түсіндірілді.

Кездесу барысында студенттерге Академиялық адалдық кодексінің талаптарын сақтау, оқу тәртібін бұзбау және оқу процесіне жауапкершілікпен қарау қажеттілігі ескертілді.

Артқа қайту