ТАРИХ ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ: ИТАЛИЯ ПРОФЕССОРЫ АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ

ТАРИХ ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ: ИТАЛИЯ ПРОФЕССОРЫ АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ

Академик Т.С. Садықов атындағы жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен 2026 жылғы 21–26 қыркүйек аралығында Чиети-Пескара қаласындағы Габриэле д’Аннунцио атындағы университеттің профессоры Мария Тереза Джусти Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне ғылыми сапармен келді.

21–22 қыркүйекте профессор Тарих және құқық факультетінің деканы Г.Қ. Кенжебаевпен,кафедра меңгерушісі с.ғ.д., профессор Г.Р. Нұрымбетова және оқытушылар құрамымен кездесіп, факультеттің ғылыми-зерттеу бағыттарымен танысты. «Айтылған тарих» зертханасының жетекшісі З.Б. Мырзатаева және «DHLab» цифрлық тарих зертханасының жетекшісі Б.О. Жангуттин зертханалардың ғылыми қызметі мен негізгі бағыттарын таныстырды.23 қыркүйекте кафедра оқытушылары мен докторанттардың қатысуымен «Еуропалық зерттеу контекстіндегі Қазақстан тарихы» дөңгелек үстелі өтіп, профессор «Италия мен Кеңес Одағы арасындағы саяси, мәдени және экономикалық қатынастар. 1924–1941 жж.» тақырыбында баяндама жасады.24–25 қыркүйекте «6B01601 – Тарих» және «6B01610 – Тарих – қоғамтану», «6B01604 – Тарих-құқық негіздері» білім беру бағдарламаларының студенттері мен оқытушыларына Екінші дүниежүзілік соғыс тарихына арналған «Барбаросса операциясы аясындағы Италияның Кеңес Одағындағы соғыс қимылдары (1941–1943 жж.)» және «Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы кеңестік лагерьлердегі итальяндық әскери тұтқындар... 1940-жылдардағы Қазақстандағы итальяндықтар» тақырыптарында дәрістер өткізілді.

Ғылыми сапар Қазақстан мен Италия арасындағы халықаралық ғылыми байланысты нығайтып, тәжірибе алмасуға және студенттер мен жас зерттеушілердің тарихи білімін кеңейтуге мүмкіндік берді.

Артқа қайту