Кафедра профессоры Constructor University халықаралық сертификатына ие болды

Кафедра профессоры Constructor University халықаралық сертификатына ие болды

Кафедрамыздың профессоры Жумагулова Қалампыр Абжаппаровнаны «Болашақ» халықаралық бағдарламасы аясында Германияның Бремен қаласындағы Constructor University университетінде ғылыми тағылымдамасын сәтті аяқтап, университеттегі кәсіби қызметіне қайта оралуымен кафедра ұжымы шын жүректен құттықтайды!

Ғылыми тағылымдама кезеңінде Қалампыр Абжаппаровна “Bioinformatics in Kazakhstan's School Biology Education: Current Status, Implementation Challenges, and Development Prospects” тақырыбы бойынша зерттеу жұмысын жүргізді. Зерттеу Қазақстандағы мектеп биологиясы біліміндегі биоинформатиканың қазіргі жағдайын зерделеуге, оны білім беру үдерісіне енгізудегі негізгі мәселелерді айқындауға және одан әрі даму перспективаларын анықтауға бағытталды.

Тағылымдама бағдарламасы аясында ол Academic Reading and Writing, Research Methodology, Data Analysis, World in Data, Research Tools, English Course, Modern Approach to Pedagogy Using Digital Tools, Methods of Using and Integrating AI in Education and Teaching бағыттары бойынша академиялық даярлықтан өтті.

Ғылыми тағылымдама барысында жинақталған білім мен халықаралық тәжірибе Қалампыр Абжаппаровнаның алдағы ғылыми-педагогикалық қызметінде тиімді қолданылып, кафедраның білім беру және ғылыми-зерттеу жұмыстарының дамуына елеулі үлес қосатынына сенім білдіреміз.

Ғылыми тағылымдама бағдарламасын табысты аяқтау нәтижесінде Қалампыр Абжаппаровна Constructor University халықаралық сертификатына ие болды.

Қалампыр Абжаппаровнаны ғылыми тағылымдаманы сәтті аяқтауымен және халықаралық сертификатқа ие болуымен құттықтаймыз! Алдағы ғылыми-педагогикалық қызметіне толағай табыс, жаңа зерттеу жобаларын табысты жүзеге асыруды, маңызды ғылыми нәтижелер мен жаңа кәсіби жетістіктер тілейміз!

Артқа қайту