2026 жылдың 1 қыркүйек күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Жаратылыстану және география факультетінде 4-курс студенттеріне арналған педагогикалық практикаға таныстыру конференциясы өткізілді.

2026 жылдың 1 қыркүйек күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Жаратылыстану және география факультетінде 4-курс студенттеріне арналған педагогикалық практикаға таныстыру конференциясы өткізілді.

Конференцияға 6В01515 – География, 6В01516 – География-Тарих, 6В01522 – Биология-География білім беру бағдарламаларында білім алатын 4-курс студенттері қатысты. Іс-шараны доцент Иркитбаев Сәкен Нұрқайдарұлы жүргізді. Сонымен қатар, конференция жұмысына педагогикалық практикаға жауапты практика жетекшілері де қатысты.

Конференция барысында студенттерге педагогикалық практиканың негізгі мақсаты мен міндеттері, оның ұйымдастырылу тәртібі және практика кезеңінде орындалатын жұмыстар туралы толық ақпарат берілді. Студенттерге мектептегі оқу-тәрбие үдерісіне қатысу, сабақтарды бақылау және өткізу, сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыру, оқушылармен дұрыс қарым-қатынас орнату және мұғалімнің кәсіби қызметімен танысу бағыттары түсіндірілді.

Сонымен қатар, практика жетекшілері студенттерге педагогикалық практика барысында сақталуы тиіс талаптар мен ережелерді түсіндіріп, практиканы тиімді әрі жауапкершілікпен өткізу бойынша өз кеңестерін берді. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, практикаға байланысты қажетті түсініктемелер алды.

Таныстыру конференциясы болашақ педагогтер үшін өте маңызды болды. Іс-шара барысында біз педагогикалық практиканың мазмұны мен талаптарымен танысып, алдағы кәсіби қызметімізге қажетті бағыт-бағдар алдық. Конференция бізге теориялық білімімізді мектеп тәжірибесімен ұштастырып, педагогикалық шеберлігімізді дамытуға дайындалуға мүмкіндік берді.

Артқа қайту