ҚазҰПУ докторанты EJONS-тың 19-шы Халықаралық конгресінде баяндама жасады.

ҚазҰПУ докторанты EJONS-тың 19-шы Халықаралық  конгресінде баяндама жасады.

2026 жылғы 25–27 маусым аралығында Түркия Республикасының Стамбул қаласында EJONS-тың 19-шы Халықаралық ғылыми зерттеулер және заманауи әзірлемелер конгресі өтті. Конгреске әлемнің 29 елінен ғалымдар мен зерттеушілер қатысты. Атап айтқанда, Албания, Алжир, Әзербайжан, Бангладеш, Бенин, Ботсвана, Бразилия, Эфиопия, Грузия, Грекия, Венгрия, Үндістан, Индонезия, Иран, Иордания, Қазақстан, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР), Косово, Мексика, Марокко, Нигерия, Пәкістан, Польша, Румыния, Сербия, Шри-Ланка, Түркия, Біріккен Корольдік және Вьетнам өкілдері қатысқан.Іс-шараға Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Оспанова Рысгүл Рамазанқызы және 8D01601 – «Тарих педагогтерін даярлау» білім беру бағдарламасының 2-курс докторанты Есенгельдиева Сәуле Мергентайқызы қатысып, өз ғылыми баяндамаларын ұсынды. https://www.ejonscongress.org/tr/book 

Атап айтқанда, онлайн форматта өткен 6-сессия аясында, 2-залда Есенгельдиева С.М. «Soviet cartography and historical geography: ideological discourse and the colonial transformation of Kazakhstan» тақырыбында ғылыми зерттеу нәтижелерін баяндады. Баяндама барысында кеңестік картографияның идеологиялық сипаты, оның Қазақстанның тарихи-географиялық кеңістігін қалыптастырудағы рөлі және отарлық саясаттың картографиялық бейнеленуі мәселелері қарастырылды.

Артқа қайту