09.07.2026
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің PhD докторанты Армениядағы «Constructing Soviet Difference: Culture and Society» атты халықаралық жазғы мектебіне қатысты
2026 жылғы 29 маусым мен 8 шілде аралығында Ереван мен Гюмри қалаларында (Армения) Yerevan Center for International Education (YCIE) ұйымдастырған «Constructing Soviet Difference: Culture and Society» атты халықаралық жазғы мектебі өтті. Іс-шара «Societies and Cultures Torn Apart» циклі аясында ұйымдастырылды. Жазғы мектепке University of Cambridge, UC Berkeley, Stanford University, Princeton University, University of Pennsylvania, University of Vienna, Tel Aviv University, Abai Kazakh National Pedagogical University және т.б. 20 PhD докторант пен жас зерттеуші қатысты.0126РКИ0193 « AI жағдайындағы визуалды мнемотехника: Қазақстан тарихының цифрлық дереккөздерін меңгерудің жаңа әдістері» (№05-04/568 бұйрығы, 21.05.2026 ж.) жобасын іске асыру аясында жоба жетекшісі, 8D01605 «Қазақстанның жаңа әлеуметтік тарихы» БББ 2-курс PhD докторанты Идрисова А.М. халықаралық ғылыми аудитория алдында жобаның аралық нәтижелерін таныстырды және 50 академиялық сағат көлемінде оқудан өтті. Princeton University, University of Pennsylvania, University of Cambridge, Rutgers University және Санкт-Петербург Еуропалық университетінің жазғы мектеп лекторлары болып табылатын жетекші мамандарынан алынған сараптамалық кері байланыс зерттеу әдіснамасын одан әрі дамыту перспективаларын айқындауға және халықаралық ғылыми байланыстарды кеңейтуге мүмкіндік берді.