30.06.2026
Абай университетінің ғалымдары Қазақстанның үздік зерттеушілері рейтингіне енді
Абай университетінің ғалымдары Қазақстанның үздік зерттеушілері рейтингіне енді
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы Web of Science халықаралық деректер базасының 2021–2025 жылдардағы мәліметтері негізінде еліміздің үздік 100 зерттеушілерінің рейтингін жариялады.
Аталған рейтингке Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Математика, физика және информатика факультетінің келесі ғалымдары енді.
Математика бағыты бойынша:
- Бердышев Абдумаулен Сүлейменұлы – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор – 19-орын;
- Байшемиров Жарасбек – PhD, профессор – 61-орын;
- Темірбекова Лаура – PhD аға оқытушы – 72-орын.
Компьютерлік ғылымдар және информатика бағыты бойынша:
- Искакова Күлпаш Аманқызы – физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор – 16-орын.
Физикалық ғалымдар бойынша:
· Жумабекова Венера Нураддиновна- PhD қауымдастырылған профессор -81-орын
Бұл көрсеткіштер аталған ғалымдардың халықаралық деңгейдегі ғылыми жарияланымдарының жоғары сапасын, ғылыми белсенділігі мен зерттеу нәтижелерінің әлемдік ғылыми қауымдастық тарапынан жоғары бағаланғанын айғақтайды.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Математика, физика және информатика факультетінің ұжымы ғалымдарымызды осы жоғары жетістіктерімен шын жүректен құттықтап, алдағы ғылыми қызметтеріне жаңа табыстар, тың ғылыми жаңалықтар мен толағай жетістіктер тілейді!