29.06.2026
«ЖАС ҒАЛЫМ» ГРАНТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ
«ЖАС ҒАЛЫМ» ГРАНТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Математика, физика және информатика факультетінің PhD докторлары Әділ Наурызбай және Боранбек Күлжамила Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті ұйымдастырған «Жас ғалым» жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін гранттық қаржыландыру конкурсының жеңімпаздары атанды.
Әділ Наурызбайдың AP32522045 тақырыбындағы «Бөлшек ретті парабола-гиперболалық теңдеу үшін бейлокалдық есептер және олардың спектрлік қасиеттері» ғылыми жобасы гранттық қаржыландыруға ие болды.
Боранбек Күлжамиланың AP32515097 тақырыбындағы «Бөлшек ретті Стокс–Бринкман–Дарси стохастикалық моделіне арналған сандық әдістерді әзірлеу» ғылыми жобасы да гранттық қаржыландыруға ие болды.
Бұл жетістік – жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу саласындағы ізденісі мен еңбегінің нәтижесі, сондай-ақ университетіміздің ғылыми әлеуетінің артып келе жатқанын көрсететін маңызды көрсеткіш.
Факультет ұжымы жас ғалымдарымызды осы айтулы ғылыми жетістіктерімен шын жүректен құттықтап, алдағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына толағай табыс, тың жаңалықтар мен шығармашылық жетістіктер тілейді!