Косов Владимир Николаевичті жоғары марапатымен құттықтаймыз

Косов Владимир Николаевичті жоғары марапатымен құттықтаймыз

Физика кафедрасының ұжымы Владимир Николаевичті Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының 80 жылдығына арналған мерейтойлық төсбелгімен марапатталуымен шын жүректен құттықтайды.

Бұл мәртебелі марапат – Сіздің ғылым мен білімді дамытуға қосқан елеулі үлесіңіздің, көп жылғы жемісті еңбегіңіздің, жоғары кәсібилігіңіз бен ғылыми қызметке деген адалдығыңыздың лайықты бағалануының жарқын көрінісі.

Сіз ғылыми-зерттеу жұмыстарында жоғары нәтижелерге қол жеткізіп қана қоймай, отандық ғылымның дамуына, жас ғалымдар мен білікті мамандарды даярлауға зор үлес қосып келесіз. Сіздің ғылыми және педагогикалық қызметіңіз әріптестеріңіз бен білім алушылар үшін кәсібилік пен жауапкершіліктің үлгісі болып табылады.

Осы айтулы жетістікпен тағы да құттықтай отырып, Сізге зор денсаулық, отбасылық амандық, шығармашылық шабыт, ғылыми қызметіңізде жаңа белестер мен толағай табыстар тілейміз. Еліміздің ғылымы мен жоғары білім беру жүйесінің өркендеуі жолындағы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, мерейіңіз үстем бола берсін!

Физика кафедрасының ұжымы

Артқа қайту