21.05.2026
ABAI DISCUSSION CLUB: АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕНУГЕ ЫНТАЛАНДЫРУ
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Әлем тілдері факультеті Практикалық ағылшын тілі кафедрасының меңгерушісі, аға оқытушы Төлегенова Малика Балтабайқызының бастамасымен 2026 жылғы 26 қаңтар мен 24 сәуір аралығында студенттердің ағылшын тілін меңгеру деңгейін арттыру, тіл үйренуге деген қызығушылығын дамыту және коммуникативтік дағдыларын жетілдіру мақсатында Abai Discussion Club ұйымдастырылды.
Жоба аясында «Екі шет тілі» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері университеттің әртүрлі факультеттерінде ағылшын тілінде пікірталас сабақтарын өткізіп, қатысушылардың сөйлеу дағдыларын дамытуға және өз ойларын еркін жеткізуіне мүмкіндік жасады. Қызықты тақырыптар төңірегінде өткен кездесулер студенттердің сыни ойлауын, пікір алмасу мәдениетін және ағылшын тілінде қарым-қатынас жасау қабілетін дамытуға ықпал етті.
2026 жылғы 21 мамырда клуб жұмысына белсенді қатысып, оның табысты жүзеге асуына үлес қосқан студенттер арнайы сертификаттармен марапатталды.
Жобаның жетекшісі, Практикалық ағылшын тілі кафедрасының магистр-оқытушысы Бақтияр Аружан Нұрбақытқызына және жобаға белсенді қатысқан барлық студенттерге алғысымызды білдіреміз.
Жобаға белсенді қатысқан студенттер:
Жәутік Аружан
Мырзағали Гүлнәз
Марғұланқызы Арайлым
Жұмабай Әдия
Мейрман Жансая
Рахимбек Айгерім
Қызайбек Нұрайым
Игілікқызы Аянат
Тоқтақын Айгерім
Ибраимова Әдемі
Жарқынбек Айша
Сұлтанқұл Аяжан
Аметова Аниса
Айтжан Маржан
Молдағазиева Әсел
Мақұлбай Әдемі
Қайшымбек Жанель
Бөкен Еңілік
Жүсіп Нұрай
Батырхан Еркемай
Асланқызы Айкөркем
Архарбек Нұрсәуле
Асқарбек Жания
Джанаева Алина
Болат Мадина
Амзе Іңкәр
Амзева Альбина
Алиева Ақбота
Балтакова Мадина
Ануар Мөлдір
Әбдіғаниқызы Ақнұр
Әли Дилназ
Әмір Қарақат
Касимханова Милана
Қалдыбаева Айгерім
Барлық қатысушыларды алған марапаттарымен құттықтай отырып, алдағы уақытта да білім мен тәжірибе алмасуға бағытталған осындай жобаларға белсенді қатысуларына тілектестік білдіреміз.