13.05.2026
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Математика, физика және информатика факультетінде Германиядан келген шақырылған профессор дәріс оқуда
2026 жылғы 12 мамырда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Математика, физика және информатика факультетінің деканы Шерипидин Хамраев пен физика кафедрасының меңгерушісі Владимир Косов Отто фон Герике университеті профессоры Хольм Альтенбахпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында факультеттің шетелдік жоғары оқу орындарымен халықаралық ынтымақтастығын одан әрі дамыту, білім беру және ғылыми алмасуларды ұйымдастыру, бірлескен ғылыми іс-шараларды өткізу, ғылыми кадрларды даярлау және ортақ ғылыми жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Сапар аясында профессор Х. Альтенбах факультет студенттері мен BIL физика-математика мектебінің оқушыларына өзінің ғылыми зерттеулерінің заманауи бағыттарына арналған ашық дәріс оқыды. Дәріс 2026 жылғы 13 мамырда өтіп, студенттер, магистранттар, докторанттар және мектеп оқушылары тарапынан үлкен қызығушылық тудырды.
Сонымен қатар, шетелдік профессордың сапары аясында физика кафедрасының магистранттары, докторанттары және жас оқытушылары үшін диссертациялық зерттеулер мен ғылыми жобаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша ғылыми консультациялар өткізілуде.