Ғылым апталығы аясында «SMART CURRICULUM: ғылыми зерттеу мен стейкхолдерлерді біріктіру» тақырыбында білім беру бағдарламаларын талқылауға арналған іс-шара

Ғылым апталығы аясында «SMART CURRICULUM: ғылыми зерттеу мен стейкхолдерлерді біріктіру» тақырыбында білім беру бағдарламаларын талқылауға арналған іс-шара

 13 сәуір күні Бастапқы әскери дайындық кафедрасында Ғылым апталығы аясында «SMART CURRICULUM: ғылыми зерттеу мен стейкхолдерлерді біріктіру» тақырыбында білім беру бағдарламаларын талқылауға арналған маңызды іс-шара өтті.

Шараның негізгі мақсаты – ғылыми зерттеулер нәтижелерін білім беру бағдарламаларына тиімді енгізу, сондай-ақ жұмыс берушілер, сарапшылар және академиялық қауымдастық өкілдерінің бірлескен қатысуы арқылы білім беру мазмұнын жетілдіру болды. Іс-шара барысында саланың білікті мамандары өз баяндамаларын ұсынды. PhD, қауым.профессор Дошыбеков Айдын Бағдатұлы білім беру бағдарламаларын жаңғыртудағы ғылыми зерттеулердің рөлін атап өтті. Профессор Джакубакынов Бейбіт Бектұсынұлы магистратура мен докторантураның мазмұны мен болашағын талдады. Аға оқытушылар Сауытбеков Мурат Есалиевич пен Ислямов Берік Ботабайұлы білім беру бағдарламаларын дамыту, серіктестік және бастапқы әскери дайындықтың даму бағыттары жөнінде сөз сөйледі. Шараға стейкхолдерлер ретінде: – Касымбаев Медет Иманбекович – Алматы қаласы Мүсілім Базарбаев атындағы №138 гимназиясының директоры; – Мейрханова Зухра Дузбаевна – Алматы қаласы №116 жалпы білім беретін мектебінің директоры; – Канатов Марат Кенжегалиевич – Алматы қаласы дене шынықтыру және спорт оқу-тәжірибелік орталығының БӘжТД бөлімінің басшысы; – Кабылдин Нурлан – Сейфуллин атындағы №74 жалпы білім беретін мектептің БӘжТД мұғалімі; – Омарбаев Нурканат Нурсерикович – Алматы қаласы дене шынықтыру және спорт оқу-тәжірибелік орталығының БӘжТД әдіскері; ҚР ҰҚК Шекара академиясынан – Алдибаев Айбек Куандықұлы – полковник, 1-факультетінің бастығы, Имашев Сағындық Мұхамедұлы – полковник, ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары. Қатысушылар білім беру бағдарламаларын жетілдіру, тәжірибе алмасу және болашақтағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін жан-жақты талқыланып, стейкхолдерлермен ынтымақтастықты одан әрі нығайту қажеттілігі атап өтілді.

Артқа қайту