Жұмабаева Жәзира Аманжолқызы
PhD
Қауымдастырылған профессоры м.а.
– 2009-2013 жылдары – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «5В010200-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша білім алып, бакалавр академиялық дәрежесі берілген.
– 2013-2015 жылдары – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «6M010200-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша магистратураны бітіріп, «Ғали Бегалиевтің әдістемелік мұралары» тақырыбында магистрлік диссертация қорғаған.
– 2015-2016 жылдары – Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының оқытушысы.
– 2016-2018 жылдары – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Білім беру бағдарламалары орталығы «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» бөлімінің менеджері.
– 2017-2020 жылдары – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «6D010200-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша PhD докторантураны бітіріп, «Бастауыш білім берудегі метапәндік тәсілдеме» тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. 2021 жылы философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.
– 2020 жылдан бастап – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті «Бастауыш білім беру» кафедрасының аға оқытушысы, қазіргі уақытта қауымдастырылған профессоры м.а.
– 2022-2025 жылдары – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті «Бастауыш білім беру» кафедрасының постдокторлық бағдарламасының стипендиаты.
Ғылыми тәжірибелер мен тағылымдамалардан өткен:
– 2014 жылы Вильнюс университетінде (Литва);
– 2019 жылы Гази университетінде (Анкара, Түркия);
– 2022 жылы Анкара университетінде (Түркия) және INSTITUTE of International Education орталығында (Прага, Чехия);
– 2023 жылы Ферғана мемлекеттік университетінде (Өзбекстан);
– 2025 жылы Prime Education Center орталығында (Юваскюля, Финляндия).
Ғылыми жобаларға қатысуы:
– 2023-2025 жылдары ҚР гранттық қаржыландыру жобасының жетекшісі, AP19680117 «Бастауыш сынып оқушыларының интеллектісін дамытуға бағытталған нейродидактикалық контент әзірлеу»;
– 2022-2024 жылдары ҚР гранттық қаржыландыру жобасының орындаушысы, AP14872058 «Мобильді білім беру ортасын құру арқылы болашақ бастауыш білім педагогтерін ұлттық құндылыққа баулу»;
– 2025 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ішкі грантының орындаушысы, «Ақтөбе облысының жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің кәсіби эмоционалдық күйзелуінің алдын алуға арналған цифрлық нейротренингтерді әзірлеу».
Ж.А. Жұмабаеваның 34-ке жуық ғылыми мақаласы, 3 монографиясы, 6 оқу құралы, 3 оқу-әдістемелік құралы, мектепке арналған 3 оқу-әдістемелік кешені жарық көрген, 11 авторлық куәлігі бар. Мақалалары отандық және шетелдік басылымдарда шыққан. Оның ішінде 12 еңбегі халықаралық Scopus және Web of Science базаларындағы журналдарда, 9 мақаласы ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚК ұсынған басылымдарда жарық көрген. Хирш индексі – 4 (Scopus), 2 (Web of Science)