Жекеева Аққалам Есимбекқызы
Педагогика ғылымдарының магистрі
Аға оқытушы
a.zhekeeva@abaiuniversity.edu.kz
Білімі:
– 2011–2015 жылдары – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «5В010200 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша бакалавриатты бітірген.
– 2015–2017 жылдары – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «6М010200 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша магистратураны бітіріп, педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесі берілген.
– 2023–2026 жылдары – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «8D01301 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы бойынша PhD докторантураны аяқтаған. Докторлық диссертациясының тақырыбы – «Цифрлық білім беру жағдайында бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын қалыптастыру».
Еңбек жолы:
– 2017–2019 жылдары – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика және психология институтында әдіскер.
– 2020–2023 жылдары – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде оқытушы.
– 2023–2024 жылдары – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Бастауыш білім беру кафедрасында оқытушы.
– 2025–2026 жылдары – Алматы қаласындағы №44 мектеп-гимназиясында лаборант.
Ғылыми тағылымдамалар мен біліктілікті арттыру курстарынан өткен:
– 2025 жылы – Түркия Республикасының Анкара қаласындағы Хаджеттепе университетінің (Hacettepe University) Білім беру факультетінде 14 сәуір мен 14 мамыр аралығында халықаралық ғылыми тағылымдамадан өткен.
Ғылыми еңбектері:
А.Е. Жекееваның ғылыми-зерттеу жұмысы «Цифрлық білім беру жағдайында бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын қалыптастыру»
Ғылыми еңбектері отандық және шетелдік ғылыми басылымдарда жарияланған. Оның ішінде 2 ғылыми мақаласы Scopus халықаралық ғылыми деректер базасында индекстелетін журналдарда жарық көрген. Сонымен қатар 1 оқу-әдістемелік құрал мен 1 монографияның авторы.