Талапбек Арайлым Талапбеккызы
Оқытушы
Магистр
a.talapbek@abaiuniversity.edu.kz
ӨМІРБАЯН
Талапбек Арайлым Талапбекқызы 1998 жылғы 12 желтоқсанда Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласына қарасты Талды ауылында дүниеге келген.
2004–2016 жылдары Д. Рақышұлы атындағы орта мектепте білім алып, орта білімді аяқтаған.
2016–2020 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Мектепке дейінгі білім және әлеуметтік педагогика кафедрасында 5В012300 – «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша білім алып, бакалавр дәрежесін алған.
2020–2022 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 7М01103 – «Педагогика және психология: білім берудегі менеджмент» білім беру бағдарламасы бойынша магистратураны аяқтап, магистр дәрежесіне ие болған.
2023 жылғы 1 желтоқсаннан 2025 жылғы 1 қыркүйекке дейін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Институционалдық тиімділік кеңсесінде маман қызметін атқарған.
2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика және психология кафедрасының оқытушысы қызметін атқарады.