Социалова Ұлпан Қанатқызы
Магистр
Оқытушы
u.sotsialova@abaiuniversity.edu.kz
ҚЫСҚАША АВТОБИОГРАФИЯ
Социалова Ұлпан Қанатқызы – «Математика және математикалық моделдеу» кафедрасының оқытушысы.
– 2015-2019 жылдары – Қарағанды қаласы, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Ұлттық зерттеу университетінде «5В010900-Математика» мамандығы бойынша «білім бакалавры» дәрежесі берілген.
– 2019-2021 жылдары – Қарағанды қаласы, академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Ұлттық зерттеу университетінде «6М06100-Математика» мамандығы бойынша «педагогика ғылымдарының магистрі» академиялық біліктілігі мен дәрежесі берілген.
– 2019 жылы – Қарағанды қаласы, «М. Жұмабаев атындағы №39 гимназияда» математика пәні мұғалімі.
– 2021-2023 жылдары – Алматы облысы, Іле ауданы, «№24 лицейде» математика пәні мұғалімі.
– 2023-2024 жылдары – Алматы қаласы, ALT Университеті, «Жалпы инженерия» кафедрасында математика пәнінің ассистент-оқытушысы.
– 2024 жылдан бастап – Алматы қаласы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, математика және физика факультеті, «Математика және математикалық моделдеу» кафедрасының оқытушысы.
ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ
Аналитикалық геометрия; дербес туындылы теңдеулер; дискретті математика және математикалық логика; сандар теориясы; айырымдық схемалар теориясы; комплекс айнымалы функциялар теориясы.
ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ
Ғылыми зерттеу бағыттары: математикалық модельдеу, кері және қисынды емес есептер; эпидемиологиялық модельдердің параметрлерін анықтау; регуляризация және машиналық оқыту әдістері; биологиялық және әлеуметтік үдерістерді сандық модельдеу.
Жарияланымдардың жалпы саны: 3 ғылыми еңбек.